Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Тіл комитеті (2005- )

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Үкіметінің 2005 ж. 4 ақпандағы қаулысымен<ref name="ReferenceA">"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және және спорт министрлігі Тіл комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2005 ж. 4 ақпандагы № 103 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2005, №6, 53-бап).</ref> құрылды.

ҚР Үкіметінің 2005 ж. 4 ақпандағы қаулысымен<ref name="ReferenceA"/> комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет өз құзіреті шегінде іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ өз құзіретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің ведомствосы болып табылады. Комитеттің негізгі міндеті тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, ҚР тілдер туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау мен қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.

Комитеттің құрылымы: басшылық; тілдерді дамыту және нормативтік-лингвистикалық проблемалар басқармасы: нормативтік-лингвистикалық проблемалар бөлімі; ономастика және терминология бөлімі; тілдерді дамыту бөлімі; талдау және ұйымдастыру-қаржылық қамтамасыз ету басқармасы: тіл бағдарламаларының іске асырылу мониторингі және таддау бөлімі; әкімшілік-қаржылық қамтамасыз ету бөлімі.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}