Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (2004- ) ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығымен <ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 36, 474-бап).</ref> комитет ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелері" ҚР Үкімегінің 2004 ж. 29 қазандағы № 1130 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 42, 538-бап).</ref> ҚР Мәдениет министрлігінің Мұрағаттар және құжаттамалар басқару жөніндегі комитетінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы қаулысымен <ref>Сонда.</ref> комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте оның құзіретіне жатқызылған қызмет салаларындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің ведомствосы болып табылады. Комитеттің негізгі міндеттері бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия қызметі, мұрағат ісі және құжаттама саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, оның іске асырылуын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.

Комитеттің құрылымы

Басшылық; бұқаралық ақпарат құралдары басқармасы: электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі бөлімі; бұқаралық ақпараттың баспа құралдарының мониторингі бөлімі, лицензиялау және есепке алу басқармасы: есепке алу бөлімі; лицензиялау және телекоммуникациялар бөлімі, баспа қызметі басқармасы: баспа бағдарламаларын қалыптастыру бөлімі; кітап өнімдері сапасының мониторингі және бақылау бөлімі; ұйымдастыру-құқықтық және қаржылық қамтамасыз ету бөлімі, мұрағаттар және құжаттама басқармасы: мұрағаттар қызметін ұйымдастыру және инспекциялау бөлімі; мемлекеттік іс жүргізуді және ведомстволық мұрағаттардвщ жүмысын реттеу, бақылау бөлімі; мұрағаттық технологиялар және ақпараттық қызметтер бөлімі. <ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}