Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті (1998-2002)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Президентінің 1998 ж. 12 қазандағы Жарлығымен<ref>"Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жүйесін одан әрі реформалау туралы" ҚР Президентінің 1998 ж. 12 қазандағы № 4114 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 1998, № 35, 315-бап).</ref> ҚР Қаржы министрлігінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды<ref>1998-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 637-638 б. (Құрастырушылардың ескертпелері).</ref>.

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 24 сәуірдегі қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің "Астана — жаңа қала" арнаулы экономикалық аймағы аумағында кедендік және салық органдарын құру туралы" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 24 сәуірдегі № 469 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 12, 124-бап).</ref> "Астана — жаңа қала" арнаулы экономикалық аймағы қызмет еткен кезенде "Кеден Астана — жаңа қала" кедендік комитетінің мемлекеттік мекемесі құрылды, ол кедендік органдардың біртұтас жүйесіне кірді және өз құзіреті шегінде арнаулы экономикалық аймақ аумағында кеден ісіне басшылықты жүзеге асырады.

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 24 маусымдағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетінің "Семей" кеденінің, Қазақстан Республикасы Мемлекетгік кіріс министрлігінің Кеден комитетінің "Қордай" кеденінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитегінің "Бейнеу" кеденінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетінің "Өскемен" кеденінің мемлекеттік мекемелерін құру туралы" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 24 маусымдағы № 688 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 19, 207-бап).</ref> Кеден комитетінің "Семей", "Қордай", "Бейнеу", "Өскемен" кедендерінің мемлекеттік мекемелері құрылды.

ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығымен<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 28, 307-бап).</ref> комитет ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің кеден істері саласындағы функңиялары жаңа құрылған ҚР Кедендік бақылау агенттігіне берілді.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}