Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Қатынас жолдары комитеті (2004- )

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Қатынас жолдары комитеті - ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығына<ref>"Қазақстан Республикасыньщ мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 36, 474-бап).</ref> сәйкес ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24 қарашадағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24 қарашадағы № 1232 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 46, 582-бап). </ref> құрылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24 қарашадағы қаулысымен<ref>Сонда.</ref> комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Құзіреті шегінде теміржол көлігі саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады. Комитеттің негізгі міндеті жүктер мен жолаушыларды тасымалдаған кезде темір жол көлігін тиімді пайдалануға, магистральдық темір жол желісін дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады. Комитеттің құрылымы: басшылық; заң және ұйымдастыру жұмысы басқармасы; экономикалық және тарифтік саясат басқармасы; темір жол көлігінің қызметін реттеу басқармасы; темір жол көлігін дамыту басқармасы.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық:

Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель;
Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007.  ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары