Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Темір жол көлігі комитеті (2003-2004)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Үкіметінің 2003 ж. 6 тамыздағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Көлік-коммуникация кешенінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2003 ж. 6 тамыздағы № 786 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 32, 319-бап).</ref> құрылды. ҚР Үкіметінің 2003 ж. 6 тамыздағы қаулысымен<ref>Сонда.</ref> комитет туралы ереже бекітілді. Ережеге сәйкес комитет ҚР Көлік және коммуникациялар Министрлігі құзіретінің шегінде темір жол көлігі саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды, темір жол көлігінің қызметін үйлестіруді, реттеуді және бақылауды, сондай-ақ оның құзіретіне жатқызылған салада салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ведомство болып табылды. Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болды: темір жол колігі саласында мемлекеттік саясатты іске асыру; өзінің құзіреті шегінде темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік реттеу, үйлестіру мен бақылау; темір жол көлігінің қызметтер көрсету рыногын қалыптастыруға қатысу; ҚР-да, одан тыс жерлерде жүк пен жолаушыларды тасымалдау кезінде темір жол көлігін тиімді пайдалануға және магистралдық темір желісін дамытуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және іске асыру; темір жол көлігі саласындағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеуге қатысу; темір жол көлігі саласында бірыңғай инвестициялық, ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен жүргізуді және кадрлар даярлауды қамтамасыз ету; өз құзіретінің шегінде темір жол көлігі туралы заңнаманы орындауды қамтамасыз ету; өз құзіретінің шегінде темір жол тасымалындағы мемлекеттік мүқтаждар қажеттіліктерін уақытта және сапалы қамтамасыз етуді жүзеге асыру. ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығына<ref name="ReferenceA">"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, №36, 474-бап).</ref> сәйкес ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24 қарашадағы қаулысымен<ref name="ReferenceA"/> комитет министрліктің Автомобиль жолдары және инфрақұрылым кешені құрылысы комитетімен министрліктің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетіне біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылды.

<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық:

Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель;
Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007.  ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}