Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті (2004- )

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығына<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, №36, 474-бап). </ref> сәйкес ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24 қарашадағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникацнялар министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24 қарашадағы № 1232 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 46, 582-бап). </ref> комитет министрліктің Автомобиль жолдары және инфрақұрылым кешені құрылысы комитеті мен министрліктің Темір жол көлігі комитетінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. Министрліктің Автомобиль жолдары және инфрақұрылым кешені құрылысы комитетінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері министрліктің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24 қарашадағы қаулысымен<ref>Сонда</ref> комитет тура- лы ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Құзіреті шегінде автожол секторын дамыту және магистральдық темір жол салу саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын, сондай-ақ үйлестіруді жүзеге асыратын ведомство болып табылады. Комитеттің негізгі міндеті автомобиль жолдары желісін дамыту және магистральдық темір жол салу, сондай-ақ қызмет көрсетілетін автомобиль жолдарын және олардағы құрылыстарды көлік құралдарының үздіксіз және қауіпсіз жүруін қамтамасыз ететін жай-күйде күтіп үстау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және бақылау болып табылады. Комитеттің облыстарда аумақтық органдары болады. Комитеттің құрылымы: басшылық; құқықтық және ұйымдастыру-кадрлық қамтамасыз ету басқармасы; пайдалану, жұмылдыру дайындығы, автомобиль жолдарын дамыту және темір жол салу басқармасы; сыртқы қарыздар және инвестициялық жобалар басқармасы; сатып алу және жобалау-сметалық құжаттаманы талдау басқармасы; нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету және техникалық саясат басқармасы; жоспарлау, экономикалық талдау және мониторинг басқармасы; қаржыландыру, бухгалтерлік есеп және есеп беру басқармасы. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 29 желтоқсандағы қаулысымен<ref>"Автожол саласында сапаны арттырудың кейбір мәселелері туралы" ҚР Үкіметінің 2005 ж. 29 желтоқсандағы № 1305 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2005, № 50, 643-бап). </ref> комитеттің мемлекеттік мекемелері құрылды, олардың негізгі қызметі автомобиль жолдары құрылысы және жөндеу жұмыстары кезінде жұмыс және материалдар сапаларына сараптау жүргізу болып табылады. Осыған сәйкес комитет туралы ережеге толықтыру енгізілді: комитеттің обыстардағы аумақтық органдарымен қатар "мемлекеттік органдар болып табылмайтын ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері бар". Осы қаулымен комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі де бекітілді. <ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық:

Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель;
Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007.  ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}