Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Үкіметінің 2000 ж. 18 сәуірдегі қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті және Көліктік бақылау комитетінің жекелеген мәселелері" ҚР Үкіметінің 2000 ж. 18 сәуірдегі № 599 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2000, № 20, 221-бап). 2000 ж. сәуірінен желтоқсанына дейінгі кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 343-344 б. (Құрастыру- шылардың ескертпелері).</ref> құрылды. ҚР Үкіметінің 2001 ж. 21 тамыздағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасында көліктегі қызметтерді лицензиялау мәселелері жөніндегі шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 21 тамыздағы № 1095 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 30, 388-бап).</ref> комитеттің басты міндеттерінің бірі нақтыланды: көліктің барлық түрлерінің қауіпсіз пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету. ҚР Үкіметінің 2003 ж. 6 тамыздағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Көлік-коммуникация кешенінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2003 ж. 6 тамыздағы № 786 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 32, 319-бап).</ref> министрліктің Темір жол көлігі комитетінің құрылуына байланысты комитет туралы ережеге өзгертулер енгізілді. Комитеттің негізгі міндеттерінен көлік және темір жол көлігіне байланысты өзге де қызмет көрсетулер рыногының қалыпты жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау; азаматтардың өмірі мен денсаулығын, қатынас жолдарын пайдаланатын тұтынушылардың мүдделерін қорғау міндеттері алынып тасталынды.

ҚР Үкіметінің 2003 ж. 21 қарашадагы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне езгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2003 ж. 21 қарашадағы № 1165 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2003, №44, 474-бап).</ref> комитеттің негізгі міндеттеріне көлік және темір жол көлігіне байланысты өзге де қызмет көрсетулер рыногының қалыпты жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау міндеті қайтадан енгізілді. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 18 маусымдағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 8 қыркүйектегі №1334 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 18 маусымдағы № 671 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 24, 317-бап).</ref> комитет туралы ережеге толықтыру енгізілді: Көліктік бақылау комитеті және оның аумақтық органдары осы ереже бекіткен әрекет шегінде көліктік бақылау органдарының біртұтас жүйесін құрады. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24 қарашадағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24 қарашадағы № 1232 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 46, 582-бап).</ref> комитет туралы жаңа ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің құзіреті шегінде әуе көлігін қоспағанда, көлік саласында арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады. Комитеттің негізгі міндеті әуе көлігінен басқа, көліктің барлық түрлерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуді және олардың қызметін мемлекеттік бақылау, сондай-ақ өз құзіреті шегінде көліктік қызметтер саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру болып табылады. Комитеттің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар.

Комитеттің құрылымы: басшылық; автокөлікте және автожолдарда бақылау басқармасы; темір жол көлігінде бақылау басқармасы; су көлігінде бақылау басқармасы; ұйымдастыру-талдау жұмысы және лицензиялау басқармасы; ұйымдастыру-қаржы басқармасы; заң және кадр қызметі бөлімі.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық:

Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель;
Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007.  ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}