Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Аэроғарыш комитеті (2002-2004)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығына<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шара- лары туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 28, 307-бап).</ref> сәйкес ҚР Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі қаулысымен<ref name="ReferenceA">"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі № 995 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 30, 329-бап).</ref> ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды, Аэроғарыш қызметі саласындағы функциялары мен өкілеттіктері ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігіне берілді.

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі қаулысымен<ref name="ReferenceA"/> комитет туралы ереже бекітілді. Ережеге сәйкес комитет ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі құзіреті шегінде арнайы атқару, бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ аэроғарыш қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын ведомство болып табылды. Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болды: аэроғарыш қызметі саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу; ҚР ғарыш кешенін және аэроғарыштық өнімдер мен қызметтер көрсетудің рыногын дамытудың қысқа мерзімді, орта мерзімді кезеңге арналған жоспарлары мен болжамдарын әзірлеу; ҚР аэроғарыштық инфрақұрылымын сақтау және дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу; аэроғарыш қызметі саласында ҚР ғылыми-техникалық және технологиялық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеуте қатысу және іске асырылуын қамтамасыз ету; ғарышкерлер даярлауды, аэроғарыш қызметі саласында кадрлар даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру.

ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығына<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекетгік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, №36, 474-бап).</ref> сәйкес ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы № 1111 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 40, 522-бап).</ref> комитет ҚР Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті болып қайта құрылды<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}