Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (1999- )

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Үкіметінің 1999 ж. 20 қарашадағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 1999 ж. 20 қарашадағы № 1756 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 1999, № 51, 506-бап). 1999-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 342-343 б. (Құрастырушылардың ескертпелері).</ref> құрылды. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 24 шілдедегі қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 18 сәуірдегі № 599 қаулысына өзгерту- лер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 24 шілдедегі № 821 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 22, 254-бап).</ref> комитет туралы ережеге өзгертулер енгізілді. Атап айтқанда, оның құқықтық мәртебесі нақтыланды: Ережеге сәйкес комитет министрлік құзіретінің шегінде ҚР заңнамасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыруды, азаматтық және эксперименталдық авиация қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, үйлестіру мен реттеуді және әуе кеңістігін пайдалануды жұзеге асыратын ведомство болып табылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24 қарашадагы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24 қарашадагы № 1232 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 46, 582-бап)</ref> комитет тура- лы жаңа ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі құзіретінің шегінде азаматтық және эксперименталдық авиация қызметін үйлестіру мен реттеуді және әуе кеңістігін пайдалануды жұзеге асыратын ведомство болып табылады. Комитеттің негізгі міндеттері мемлекеттік саясатты іске асыру және мемлекеттік басқару, азаматтық және эксперименталдық авиацияның әуе кеңістігін пайдалану саласындағы қызметін, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті бақылау болып табылады. Комитеттің құрылымы: басшылық; авиакомпаниялардың қызметін реттеу, әуе кеңістігін пайдалану, экономика және қаржы басқармасы; әуежайлардың қызметін реттеу, әкімшілік-құқықтық жұмыс және халықаралық қатынастар басқармасы; ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасы (Мемавиақадағалау).

<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық:

Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель;
Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007.  ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}