Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылыс комитеті (2002-2004)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Үкіметінің 2002 жылы 19 тамыздағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 жылы 19 тамыздағы № 916 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 27, 302-бап).</ref> министрліктің Автомобиль жолдары комитетінің қайта аталуының нәтижесінде құрылды. Комитет туралы ереже бекітілмеді. ҚР Үкіметінің 2002 жылы 19 та- мыздағы қаулысымен<ref>Сонда</ref> министрліктің Автомобиль жолдары комитеті туралы ережеге<ref>"Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және автомобиль көлігі комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2000 ж. 3 ақпандағы № 151 (ҚР ПҮАЖ, 2000, № 5-6, 63-бап) және "Қазақстан Республикасының Көлік-коммуникациялар кешенінің кейбір мәселелері туралы" 2000 ж. 3 қарашадағы № 1665 қаулыларын қара (Ағымдағы мурағат) </ref> өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Мәтін ішіндегі комитеттің атауы өзгертілді. Комитеттің негізгі міндеттеріне қосымша көлік, ақпарат және коммуникациялық кешен құрылысы бағдарламаларын әзірлеуге қатысу және осы салада рынок қалыптастыруға қатысу міндеті енгізілді. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24 қарашадағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24 қарашадағы № 1232 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 46, 582-бап). </ref> комитет министрліктің Темір жол көлігі комитетімен бірге оларды министрліктің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетіне біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылды. Министрліктің Автомобиль жолдары және инфрақұрылым кешені құрылысы комитетінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылды.

<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық:

Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель;
Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007.  ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}