Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі комитеті (2002-2003) ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығына<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекетгік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 28, 307-бап).</ref> сәйкес комитет ҚР Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі № 996 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 30, 330-бап).</ref> құрылды. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы № 1220 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 41, 414-бап).</ref> жаңа құрылған комитетке таратылған ҚР Экономика және сауда министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі комитетінің мүлкі берілді. Комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Ережеге сәйкес комитет ҚР Индустрия және сауда министрлігінің құзіреті шегінде қорғаныс өнеркәсібі, қорғаныс және екіүдай мақсаттағы қолданылатын өнімдерді әзірлеу, өндіру және сату саласында арнаулы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылды. Комитет әскери-техникалық ынтымақтастық саласында уәкілетті орган болып табылды.

Комитеттің негізгі міндеттері

қорғаныс және екіүдай мақсатта қолданылатын өнімдерді өндіру және жою саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу; мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыруға, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібін дамыту мен конверсиялаудың, әскери мақсаттағы өнімді экспорттық-импорттық жеткізулердің бағдарламаларын әзірлеуге қатысу, осы бағдарламаларды іске асыру; қорғаныс өнеркәсібі кешені мәселелері бойынша мемлекетаралық әскери-техникалық ынтымақтастық қатысу; өз құзіретінің шегінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын орындау және қорғаныс өнеркәсібінің түрақты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; қорғаныс өнеркәсібі кешені ұйымдарын дамыту және реформалау бағдарламаларын әзірлеу, олардың жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар даярлау; қорғаныс ұйымдарын дамыту және конверсиялау бағдарламаларын іске асыру үшін ықтимал инвесторларды тартуға жәрдемдесу; комитеттің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша импорт алмастыру саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруга қатысу.

Комитеттің құрылымы

басшылық; қорғаныс өнеркәсібін дамыту басқармасы; ұйымдастыру-талдау жұмысы басқармасы. ҚР Үкіметінің 2003 ж. 20 мамырдағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі комитетін тарату туралы" ҚР Үкіметінің 2003 ж. 20 мамырдағы № 467 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2003, №21-22, 211-бап).</ref> комитет таратылды. Комитеттің мүлкі ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне, ұйымдастыру техникасы мен автокөлігі ҚР Индустрия және сауда министрлігіне берілді. <ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}