Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (2004- )

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығына<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекетгік басқару жуйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 36, 474-бап). </ref> сәйкес комитет ҚР Үкіметінің 2004 ж. 26 қарашадағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 26 қарашадағы № 1237 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 47, 586-бап). </ref> құрылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 26 қарашадағы қаулысымен<ref>Сонда. </ref> комитет тура- лы ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет ҚР Индустрия және сауда министрлігінің құзіреті шегінде заңнамаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыра- тын ведомство болып табылады. Комитеттің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында құрылымдық [аумақаумақтық бөлімшелері бар. Комитеттің негізгі міндеттері: тұрғын үй саясатын қоса алғанда, сәулет, қала құрылысы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу, сондай- ақ оны іске асыруды салааралық үйлестіру және оған басшылық жасау; сәулет, қала құрылысы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік нормативтік-техникалық базаны жетілдіру және дамыту; жобалау-іздестіру және құрылыс өнімдеріне, жұмыстарға қызметтерге арналған бағалар және баға белгілеу шарттарының мониторингі; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтар мен қоғамның өмір сүру және тіршілік етуінің толыққанды ортасына арналған мүдделерін қамтамасыз ету, жобалау мен құрылыс өнімдерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау, құрылыстың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының орнықты жұмыс істеуін ұйымдастыру, тұрғын үй-комму- налдық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау; тарихи және мәдени мұра ескерткіштерін сәулет,құрылысы және құрылыс құралдарымен сақталуын қамтамасыз ету; экологиялық тепе-тендікті және табиғи ресурстарды, сондай-ақ оларды қала құрылысын игеру, дамыту және құрылыс салу кезінде аумақтарды үтым- ды пайдалануды қамтамасыз ету; елді мекендердің әлеуметтік, өндірістік, инженерлік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылымынтиімді, кешенді және шоғырландырылған дамыту үшін жағ- дайларды қамтамасыз ететін шарттарды қалыптастыру; сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саладағы үкіметаралық келісімдерге сәйкес ықпалдасу процестерін терендету. Комитеттің құрылымы: басшылық; сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы; техникалық нормалау мен жаңа технологиялар басқармасы; құрылыстағы жобалау жұмыстары, сметалық нормалар, баға түзу басқармасы; әкімшілік басқармасы; Комитеттің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелері. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 24 тамыздағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер мен толықтыру- лар енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күшін жою туралы" ҚР Үкіметінің 2005 ж. 24 тамыздағы № 871 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2005, № 33, 454-бап). </ref> комитеттің негізгі міндеттерінен тарихи және мәдени мұра ескерткіштерін сәулет, қала құрылысы және құрылыс құралдарымен сақталуын қамтамасыз ету міндеті алынып тасталынды. Сәулет-Құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы Сәулет-Құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы болып қайта құрылды.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық:

Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель;
Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007.  ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}