Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі комитеті (2002-2003)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығына<ref>1 "Қазақстан Республикасының мемлекетгік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру ша- ралары туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 28, 307-бап).</ref> сәйкес комитет ҚР Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі қаулысымен<ref>2 "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі № 996 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 30, 330-бап).</ref> қүрылды. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы қаулысымен<ref>3 "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы № 1220 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 41, 414-бап).</ref> жаңа қүрылған комитетке таратылған ҚР Экономика және сауда министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі комитетінің мүлкі берілді. Комитет туралы ереже және оның қүрылымы бекітілді. Ережеге сәйкес комитет ҚР Индустрия және сауда министрлігінің қүзіреті шегінде қорғаныс өнеркәсібі, қорғаныс және екіүдай мақсаттағы қолданылатын өнімдерді әзірлеу, өндіру және сату саласында арнаулы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылды. Комитет әскери-техникалық ынтымақтастық саласында уәкілетті орган болып табылды. Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болды: қорғаныс және екіүдай мақсатта қолданылатын өнімдерді өндіру және жою саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу; мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыруға, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібін дамыту мен конверсиялаудың, әскери мақсаттағы өнімді экспорттық-импорттық жеткізулердің бағдарламаларын әзірлеуге қатысу, осы бағдарламаларды іске асыру; қорғаныс өнеркәсібі кешені мәселелері бойынша мемлекетаралық әскери-техникалық ынтымақтастыққа қатысу; өз қүзіретінің шегінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын орындау және қорғаныс өнеркәсібінің түрақты жүмысын қамтамасыз ету жөніндегі жүмыстарды үйымдастыру; қорғаныс өнеркәсібі кешені үйымдарын дамыту және реформалау бағдарламаларын әзірлеу, олардың жүмысын жетілдіру жөнінде үсыныстар даярлау; қорғаныс үйымдарын дамыту және конверсиялау бағдарламаларын іске асыру үшін ықтимал инвесторларды тартуға жәрдемдесу; комитеттің қүзіретіне кіретін мәселелер бойынша импорт алмастыру саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруга қатысу. Комитеттің қүрылымы мынадай болды: басшылық; қорғаныс өнеркәсібін дамыту басқармасы; үйымдастыру-талдау жүмысы бас- қармасы. ҚР Үкіметінің 2003 ж. 20 мамырдағы қаулысымен<ref>4 "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі комитетін тарату туралы" ҚР Үкіметінің 2003 ж. 20 мамырдағы № 467 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2003, №21-22, 211-бап).</ref> комитет таратылды. Комитеттің мүлкі ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне, үйымдастыру техникасы мен автокөлігі ҚР Индустрия және сауда министрлігіне берілді. <ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}