Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Шағын бизнесті қолдау жөніндегі комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Шағын бизнесті қолдау жөніндегі комитеті (2002-2004)

ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығымен<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002 ж. №28, 307-бап).</ref> ҚР Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі қаулысымен құрылды. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі № 996 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002 ж. № 30, 330-бап).</ref> комитет туралы ереже мен оның құрылымы бекітілді. Ережеге сәйкес комитет ҚР Индустрия және сауда министрлігінің құзіреті шегінде және ҚР заңнамасына сәйкес шағын бизнес (кәсіпкерлік) саласында арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ шағын бизнесті (кәсіпкерлікті) мемлекеттік қолдау саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР Индустрия және сауда министрлігінің ведомствосы болып табылды.

Агенттіктің негізгі міндеттері мыналар болды: шағын бизнесті (кәсіпкерлікті) мемлекеттік қолдау; шағын бизнесті (кәсіпкерлікті) қолдауға бағытталған орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіру; шағын бизнес (кәсіпкерлік) субъектілерінің құқығын қорғауға бағытталған зандардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру; шағын кәсіпкерлікті қолдаудың әдістерімен сызбаларын әзірлеуге қатысу және енгізу.

Комитеттің құрылымы<ref>"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 26 қарашадағы № 1237 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004 ж. № 47, 586-бап).</ref> мынадай болды: басшылық; шағын бизнесті (кәсіпкерлікті) үйлестіру және қорғау басқармасы; шағын бизнесті (кәсіпкерлікті) дамытудың стратегиясы басқармасы.

ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығына<ref>"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы № 1220 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002 ж. № 41, 414-бап).</ref> сәйкес комитет ҚР Үкіметінің 2004 ж. 26 қарашадағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004 ж. № 36 474-бап).</ref> таратылды, оның штат саны мен мемлекеттік мүлкі ҚР Индустрия және сауда министрлігінің орталық аппаратына берілді.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}