Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Мемстандарт) (2004)

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 26 қарашадағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері ҚР Үкіметінің 2004 ж. 26 қарашадаңы № 1237 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 47, 586-бап).</ref> министрліктің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің қайта аталуының нәтижесінде қүрылды.

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 26 қарашадағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері ҚР Үкіметінің 2004 ж. 26 қарашадаңы № 1237 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 47, 586-бап).</ref> комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет ҚР Индустрия және сауда министрлігінің құзіреті шегінде және ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі функцияларды, арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, техникалық реттеу және метрология саласындағы қызметті салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ведомство болып табылады. Комитеттің облыстарда және Астана, Алматы қалаларында мемлекеттік мекемелері — аумақтық бөлімшелері бар.

Комитеттің негізгі міндеттері: өнімдердің, қызметтердің, процестердің адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдік пен жануарлар әлеміне қауіпсіздігін және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; өнімдердің, қызметтердің қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды шатастыратын әрекеттердің алдын алу; саудадағы техникалық тосқауылдарды жою; ҚР азаматтары мен экономикасының мүдделерін өлшемдердің шынайы емес нәтижелерінің салдарынан қорғау; іргелі зерттеулер мен ғылыми әзірлемелер кезінде өлшемдердің шынайылығын қамтамасыз ету; аурулардың диагностикасы мен оларды емдеу, еңбек шартының және адамдар тұрмысының қауіпсіздігін бақылау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау кезінде өлшемдердің шынайы нәтижелерін қамтамасыз ету.

Комитеттің құрылымы: басшылық; техникалық реттеу және метрология басқармасы; әкімшілік жұмыс және мемқадағалау басқармасы; комитеттің облыстардағы және Астана, Алматы қалаларындағы мемлекеттік мекемелері — аумақтық бөлімшелері.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}