Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті (Мемстандарт) (2002-2004)

ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығына<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 28, 307-бап).</ref> сәйкес ҚР Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі № 996 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 30, 330-бап).</ref> құрылды. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы № 1220 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 41, 414-бап).</ref> таратылған ҚР Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің мүлкі жаңа қүрылған комитетке берілді.

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы қаулысымен4 комитет туралы ереже және оның қүрылымы бекітілді. Ережеге сәйкес комитет заңнамаға сәйкес ҚР Индустрия және сауда министрлігінің қүзіреті шегінде арнаулы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ стандарттау, метрология және сертификаттау саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асырған ведомство болып табылды.

Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болды: стандарттау, метрология, сертификаттау саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға қатысу; стандарттау, метрология, сертификаттау саласында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін үйлестіру; ҚР стандарттаудың, сертификаттаудың, өлшемдер бірлігі мен эталондық базасын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйелерін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру; ҚР-ң негіз қалаушы мемлекеттік стандарттарын әзірлеуді қамтамасыз ету; стандарттау, метрология, сертификаттау саласында білікті кадрлар даярлауға қайта даярлауға қатысу; техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау, өнімдерді тізімдемелеу жөніндегі мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіру; стандарттау, метрология және сертификаттау саласында іргелі зерттеулердің жүргізілуін ұйымдастыру; стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуына, өнім сапасына, өлшем құралдарының жай-күйі мен қолданылуына мемлекеттік қадағалау жүргізуді ұйымдастыру, сондай-ақ сертификаттау жөніндегі тіркелген органдардың және сынақ зертханаларының, орталықтарының қызметін бақылау; сертификаттау, сертификаттық сынақтар, өлшемдерді орындау әдістемелерін әзірлеу және аттестаттау, олардың үлгісін және бекітілген үлгісіне сәйкестігін бекіту мақсатында өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу және сынау жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына мемлекеттік сертификаттау жүйелерінде тіркеу және ұйымдардың өлшем бірлігін қамтамасыз ету; бастапқы тексеру құқығына үлгіні бекіту және техникалық құзіреті мақсаттары үшін өлшем құралдары сынақтарын жүргізуді ұйымдастыру және оған қатысу.

Комитеттің құрылымы мынадай болды: басшылық; стандарттау, метрология және сертификаттау басмқармасы; ұйымдастыру және құқықтық жұмыс басқармасы.

ҚР Үкіметінің 2003 ж. 18 қыркүйектегі қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2003 ж. 18 қыркүйектегі № 951 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 38, 385-бап).</ref> ҚР Индустрия және сауда министрлігінің мемлекеттік мекемелері-аумақтық органдары комитеттің мемлекеттік мекемелері — аумақтық бөлімшелері болып қайта аталды. Осыған сәйкес комитет туралы ережеге мынадай толықтыру енгізілді: "Комитеттің Астана жіне Алматы қалалары мен облыстарда мемлекеттік мекемелері — аумақтық бөлімшелері бар".

Комитеттің құрылымы мынадай жаңа редакцияда бекітілді: басшылық; ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар және мемлекеттік қадағалау басқармасы; стандарттау, метрология және сертификаттау және техникалық саясат басқармасы. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 26 қарашадағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері ҚР Үкіметінің 2004 ж. 26 қарашадаңы № 1237 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 47, 586-бап).</ref> комитет министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитеті болып қайта аталды.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}