Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республнкасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитеті (2002- )

ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығына<ref>1 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жуйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ГТҮАЖ, 2002, № 28, 307-бап).</ref> сәйкес комитет ҚР Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі қаулысымен<ref>2 "Қазақстан Ресігубликасы Индустрия және сауда министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі № 996 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 30, 330-бап).</ref> құрылды, оған таратылған ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетінің функциялары, өкілеттіктері мен мүлкі берілді. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы қаулысымен<ref>3 "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы № 1220 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 41, 414-бап).</ref> комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Ережеге сәйкес комитет ҚР Индустрия және сауда министрлігі қүзіретінің шегінде заңнамаға сәйкес ҚР-ғы инвестицияларды мемлекеттік қолдау саласында арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асырушы ведомство болып табылады.

Комитеттің негізгі міндеттері:

  • ҚР-ң экономикасына шетелдік инвестициялар тартуға жәрдемдесу;
  • елде инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде шаралар әзірлеу және іске асыру, инвестициялар тартуға ықпал ететін қүқықтық және өзге де жағдайлар жасау;
  • инвесторлармен жұмыс жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
  • ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі қызметін қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік бағдарламаларды, басымды жобаларды іске асыру үшін, соның ішінде халықаралық экономикалық және қаржы үйымдары мен донор елдер
  • беретін заемдар мен гранттар есебінен қаржы ресурстарын тар-уға жәрдемдесу;
  • инвесторлармен өзара ӘС-ҚИМЫЛДЫҢ тиімді жүйесін құру, ҚР заңнамасымен белгіленген кепілдіктерді сақтауды, сондай-ақ инвесторлардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Комитет құрылымы:

  • басшылық;
  • стратегия және инвестициялық саясат басқармасы;
  • инвестициялық жобаларды талдау және олардың мониторингі басқармасы.

<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}