Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеті (2004)

ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығына<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004 ж. № 36 474-бап).</ref> сәйкес ҚР Үкіметінің 2004 ж. 26 қарашадағы қаулысымен<ref name="ReferenceA">"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Президентінің 2004 ж. 26 қарашадағы № 1237 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004 ж. № 47, 586-бап).</ref> құрылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 26 қарашадағы қаулысымен<ref name="ReferenceA"/> комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет ҚР Индустрия және сауда министрлігінің құзіреті шегінде және ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуді, белгілі тауар рыногында басымдық жағдайға ие рынок субъектілерінің қызметін бақылау және реттеу, бәсекелестікті дамытуды қорғау және үйлестіру, сондай-ақ белгілі тауар рыногында басымдық жағдайға ие рынок субъектілерінің қызметін жүзеге асыру саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ҚР Индустрия және сауда министрлігінің ведомствосы болып табылады. Комитеттің облыстар мен Астана және Алматы қалаларында аумақтық бөлімшелері — мемлекеттік мекемелері бар. Комитеттің міндеті монополистік қызметтің алдын алу және оған жол бермеу, теріс пиғылды бәсекелестікті шектеу және тоғысу жолымен бәсекелестікті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Комитеттің құрылымы: басшылық: бақылау және реттеу басқармасы; бәсекелестікті қорғау басқармасы; бақылау және ден қою басқармасы; ішкі әкімшілік ету басқармасы.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}