Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті (2000- )

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Президентінің 2000 ж. 1 қыркүйектегі Жарлығымен<ref>1 "Қазақстан Республикасының сот жүйесінің төуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2000 ж. 1 қыркүйектегі № 440 Жарлығы (Ағымдагы мұрағат).</ref> қүрылды.
ҚР Президентінің 2000 ж. 12 қазандағы Жарлығымен <ref>2 "Қазақстан Республикасының сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің қызметін қамамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2000 ж. 12 қазандағы № 471 Жарлығы (Ағымдағы мүрағат).</ref> комитеттуралы ереже және оның құрылымы бекітілді.
Ережеге сәйкес комитет облыстық, аудандық және оған теңестірілгенсоттардың қызметін материалдық-техникадық және өзгедей қамтамасыз етуді жүзеге асыратын өкілетті орган болып табылды.
Комитет және оның облыстардағы, Алматы және Астана қалаларындағы әкімшілері жергілікті соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі органдардың біртұтас жүйесін қүрады.
Комитеттің өкілеттіктері: ҚР Жоғарғы Соты Төрағасымен келісе отырып: жергілікті соттарды құру, қайта ұйымдастыру не тарату,судьялардың жалпы штат саны бойынша ұсыныстарды тұжырымдап, оларды ҚР Президентінің қарауына енгізу, жергілікті соттарды, комитетті және әкімшілерді қаржыландыру туралы ұсыныстар әзірлеп, Үкіметке табыс ету; сот төрағаларының ұсынуы бойынша жергілікті соттар судьяларының штат санын белгілеу; судьялар мен жергілікті соттар аппаратының біліктілігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау, сот қызметі саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және қаржыландыру, жергілікті соттардың кадрларға мұқтажын айқындау, оларға тағылымдама ұйымдастыру; азаматтар мен ұйымдардың жергілікті соттар судьяларының іс-әрекетіне арыздарын қарауда сот төрағаларына жәрдемдесу; судьялар мен жергілікті соттар аппаратының атқарушылық өндіріс органдары қызметкерлері жұктемелерінің нормативтерін әзірлеу; заңнаманы жүйелеу жөніндегі жүмысты жүзеге асыру және соттарды нормативті құқықтық актілермен қамтамасыз ету; жергілікті соттар аппараттарын құру жөніндегі жұмысты жүзеге асыру; судьялар мен жергілікті соттар қызметкерлерінің, сондай-ақ Комитет қызметкерлерінің дербес есебін жүргізу; әкімшілердің қызметін материалдық-техникалық және өзгедей қамтамасыз ету; жергілікті соттардың гимараттары мен үй-жайларын және соттар мен комитетке ведомстволық қарасты басқа да объектілердің құрылысын, жөндеуін және техникалық жарақтануын үйымдастыру; жергілікті соттар мен әкімшілердің бюджет қаражаттарын жұмсауын бақылау, олардың қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізу.
Комитет орталық аппарат пен оның әкімшілерінен тұрады.
Комитеттің құрылымы мынадай болды: басшылық; қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті; облыстардағы соттар мен әкімшілердің қызметін ұйымдастыру департаменті;облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы әкімшілер.
ҚР Президентінің 2001 ж. 22 қаңтардағы Жарлығымен<ref>3 "Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметін жеіілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2001 ж. 22 қаңтардағы № 536 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 1-2, 2-бап).</ref> комитеттің құқықтық мәртебесі, өкілеттігі мен құрылымына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді- Құқықтық мәртебесі "сондай-ақ атқарушы құжаттардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ететін" деген жолдармен толықтырылды. Комитеттің өкілеттігі "атқарушылық өндіріс органдары қызметкерлерінің жүктемелерінің нормативтерін әзірлейді; заңнамага сәйкес атқарушылық құжаттардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді" жолдарымен толықтырылды. Комитеттің қүрылымы атқарушылық өндірісті үйымдастыру жөніндегі департаментпен толықтырылды.
ҚР Үкіметінің 2001 ж. 14 сәуірдегі қаулысымен<ref>4 "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау жөніндегі комитетін таратудың кейбір мөселелері" ҚР Президентінің 2001 ж. 14 сәуірдегі № 494 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 14, 174-бап).</ref> ҚР Әділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау жөніндегі комитеті таратылды, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ штат саны мен мүлкі ҚР Жоғарғы Соты жанындагы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке және оның облыстардагы, Астана, Алматы қалаларындағы әкімшілеріне берілді.
ҚР Президентінің 2005 ж. 25 қаңтардағы Жарлығымен<ref>5 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 ж. 12 қазандағы № 471 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы" ҚР Президентінің 2005 ж. 25 қаңтардағы № 1514 Жарлығы (Ағымдағы мүрағат).</ref> комитеттің құқықтық мәртебесі мен өкілеттігіне толықтырулар енгізілді.
Комитет облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың қызметін материалдық-техникалық және басқа қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, сондай-ақ атқарушы құжаттардың уақтылы орындалуын және жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналган (түскен) мүліктерді есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстың ұйымдастырылуын қамтамасыз ететін өкілетті орган болып табылады.
Комитеттің өкілеттігі толықтырылды: жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналған (түскен) мүліктерді есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) <ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}