Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон жөніндегі комитеті (2004- )

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығына<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру женіндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 36, 474-бап).</ref> сәйкес комитет ҚР Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі оны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қосу жолымен қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы қаулысымен<ref name="ReferenceA">"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметгік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы № 1132 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 43, 540-бап).</ref> құрылды.

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы қаулысымен<ref name="ReferenceA"/> комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. ҚР Көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері ҚР Көші-қон жөніндегі комитетінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылды.Комитет ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құзіретінің шегінде көші-қон процестерін реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты, салааралық үйлестіруді және арнайы атқарушылық, рұқсат беру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.

Комитетгің негізгі міндеттері ҚР Конституциясында бекітілген адамның тұрғылықты жерін еркін тандау, кету еркіндігі, жүріп-тұру еркіндігі құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету, ҚР заңнамасына, ҚР халықаралық шарттарына және халықаралық ұйымдардың ұсынымдарына сәйкес республиканың қазіргі әлеуметгік-экономикалық жағдайын, оның өткен тарихы мен дәстүрлерін, даму перспективаларын ескере отырып мемлекеттік көші-қон саясатын іске асыру болып табылады. Комитеттің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар.

Комитеттің құрылымы: басшылық (төраға, төраға орынбасары); көші-қон басқармасы; әкімшілік басқармасы.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}