Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті (2004- ) ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығына <ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, №36, 474-бап).</ref> сәйкес ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы № 1117 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 41, 529-бап).</ref> комитет ҚР Денсаулық сақтау министрлігініц Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің қайта құрыуының нәтижесінде құрылды, оған қайта құрылған комитеттің фармацевтика және медицина өнеркәсібін реттеуден басқа функциялары берілді. Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің аумақтық бөлімшелері де министрліктің Фармация комитетінің аумақтық бөлімшелері болып қайта ұйымдастырылды.

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы № 1124 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 42, 533-бап).</ref> комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құзіреті шегінде дәрілік заттар айналымы саласындағы бақылау-қадағалау және іске асыру функцияларын, сондай-ақ саларадық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ведомствосы болып табылады.

Комитеттің негізгі міндеттері

Дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, дәрілік заттардвщ (медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымды қоса алғанда) қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, дәрілік заттар айналымы саласында ғылым, техника және әлемдік тәжірибе жетістіктерін пайдалану болып табылады. Комитеттің аумақтық бөлімшелері бар.

Комитеттің құрылымы

Басшылық; фармацевтикалық бақылау басқармасы; фармацевтикалық қызметті бақылау және [[қадағалау бөлімі]]; дәрілік заттардың сапасын бақылау бөлімі; ұйымдастыруталдау басқармасы; жиынтық-талдау бөлімі; дәрілік заттарды пайдалану мониторингі бөлімі. <ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}