Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитеті (2004- ) ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығына <ref>"Қазақстан Республикасының мемлекетік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, №36, 474-бап).</ref> сәйкес ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы № 1117 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 41, 529-бап).</ref> комитет ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтау саласында стандартардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру жөніндегі функциялары берілді.

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 15 желтоқсандағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 15 желтоқсандағы № 1327 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 49, 628-бап).</ref> комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитеттің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері құрылды. Комитет ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құзіреті шегінде медициналық қызметтің сапасын бақылау жөніндегі бақылау және іске асыру функцияларын, сондай-ақ медициналық қызмет көрсетудің сапасы саласында саларалық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ведомствосы болып табылады. Комитеттің негізгі міндеттері көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы мен толықтығын бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, денсаулық сақтау саласында стандарттарды сақтау, тұрғылықты жеріне қарамастан ҚР бүкіл аумағында азаматтарға медициналық қызмет көрсетудің қол жетімділігі мен сапасына кепілдіктерді қамтамасыз ету, меншік нысанына, ведомстволық тиесілілігіне қарамастан, жеке және заңды түлғалар көрсететін медициналық қызметтің сапасын мемлекеттік бақылауды және оны жақсарту жөніндегі шараларды қамтамасыз ету болып табылады. Комитеттің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық бөлімшелері бар.

Комитеттің құрылымы

Басшылық; аккредиттеу және ақпараттық жұмыс басқармасы; ұйымдастыру жүмысы және лицензиялау бөлімі; бағдарламалық жүйелерді әзірлеу, енгізу және аккредиттеу бөлімі; денсаулық сақтау саласында стандарттардың сақталуын бақылау басқармасы; медициналық көмектің сапасын сараптау және лицензиядан кейінгі бақылау бөлімі; медициналық көмектің сапасын басқару әдіснамасы бөлімі.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}