Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (2004- )

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығына<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 36, 474-бап).</ref> сәйкес комитетҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" КР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы № 1111 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 40, 522-бап).</ref> ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитетінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды, оған министрліктің бақылау-қадағалау және реттеу функциялары берілді.

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы № 1111 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 40, 522-бап).</ref> комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет ҚР Білім және ғылым министрлігінің құзіреті шегінде білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функцияларды, сондай-ақ оның құзіретіне жатқызылған саладағы бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады. Комитеттің негізгі міндеттері білім беру, ғылым, ғылыми-техникалық қызмет, ҒЫЛЫМИ және ғылыми-педагог кадрларды аттестаттау саласындағы ҚР заңнамасының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Комитеттің құрылымы: басшылық; лицензиялау және білім беру мониторингі басқармасы; лицензиялау бөлімі; аралық бақылау бөлімі; аттестаттау және аккредиттеу басқармасы; білім беру ұйымдарын аттестаттау бөлімі; ғылыми мекемелерді аттестаттау және ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарын аккредиттеу бөлімі; ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау басқармасы; физика-математика, техникалық ғылымдар, жер және ғарыш туралы ғылымдар бөлімі; медицина, химия, биология, ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары бөлімі; гуманитарлық ғылымдар бөлімі; жоғары білікті кадрларды дайындау және құжаттарды рәсімдеу бөлімі; қаржы және ұйымдастыру бөлімі (өз бетінше); бюджеттің орындалуын қадағалау бөлімі (өз бетінше)<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}