Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті (2004- )

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығына<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекетгік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралары туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, №36, 474-бап).</ref> сәйкес ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен<ref name="ReferenceA">"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы № 1111 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 40, 522-бап).</ref> комитет ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Аэроғарыш комитетінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды.

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен<ref name="ReferenceA"/> комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет Білім және ғылым министрлігінің құзіреті шегінде аэроғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын және осы салада бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылды. Комитеттің негізгі міндеті аэроғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады. Комитеттің құрылымы: басшылық; аэроғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру басқармасы: аэроғарыш бағдарламаларын қалыптастыру бөлімі; қаржы бөлімі; әкімшілік болімі, халықаралық шарттар және "Байқоңыр" кешенін жалға беру жөніндегі жұмысты үйлестіру басқармасы: халықаралық шарттар және нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі; "Байқоңыр" кешенін жалға беру жөніндегі жұмысты үйлестіру бөлімі; ЖИЫНТЫҚ талдау және лицензиялау бөлімі, "Байқоңыр" ғарыш айлағы басқармасы: жердегі ғарыш инфрақұрылымын дамыту және оны кадрлармен қамтамасыз ету бөлімі; Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін жалға алған объектілердің пайдаланылуын талдау бөлімі.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24 желтоқсандағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитетін көшіру туралы" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24 желтоқсандағы № 1376 қаулысы (Ағымдағы мұрағат).</ref> комитет Астана қаласына көшірілді.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}