Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (2003- )

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Президентінің 2003 ж. 28 наурыздағы Жарлығымен<ref>1 "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін құру туралы" ҚР Президентінің 2003 ж. 28 наурыздағы № 1050 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 12, 130-бап).</ref> 1 құрылды,оған таратылған ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының функциялары мен мүлкін басқару жөніндегі өкілеттіктері берілді.
ҚР Президентінің 2003 ж. 28 наурыздағы Жарлығымен<ref>2 Сонда.</ref> 2 комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді.
ҚР Бас прокуратурасының құзіреті шегінде құқықтық статистиканы түзу және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі мемлекеттік органның функциялары мен өкілеттігін жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Комитеттің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармалары және оларға теңестірілген әскери басқармасы мен аймақтық көлік басқармалары болады, олар комитет төрагасына бағынады.
Комитеттің негізгі міндеттері: бірыңғай статистикалық принциптер мен стандарттар негізінде елдегі заңдылық пен құқық тәртібінің жай-күйі туралы мемлекеттік органдарды, заңды және жеке тұлғаларды тиімді және жеткілікті ақпаратпен қамтамасыз ету; мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені жетілдіру мен дамыту.
Комитет құрылымы: басшылық; ұйымдастыру-кадр жүмысы басқармасы; талдау және құқықтық реттеу жүмысы басқармасы;құқықтық статистиканы түзу басқармасы; арнайы есепке алу басқармасы; қаржы және бухгалтерлік есеп басқармасы.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.):<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}