Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (2003- ) ҚР Президентінің 2003 ж. 13 маусымдағы Жарлығына <ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру тура-лы" ҚР Президентінің 2003 ж. 13 маусымдағы № 1107 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 26, 242- бап).</ref> сәйкес ҚР Үкіметінің 2003 ж. 18 шілдедегі қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2003 ж. 18 шілдедеғі № 714 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 30, 291-бап).</ref> құрылды.

ҚР Үкіметінің 2003 ж. 18 шілдедегі қаулысымен <ref>Сонда.</ref> комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді, комитеттің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері құрылды.

Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орал-Каспий облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндік басқармасы, Балқаш-Алакөл балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндік басқармасы және Зайсан-Ертіс балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндік басқармасы. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балқаш-Алакөл балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндік басқармасы және Зайсан-Ертіс балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндік басқармасы мемлекеттік мекемелері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балқаш-Алакөл облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндік басқармасы және Зайсан-Ертіс облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндік басқармасы мемлекеттік мекемелері болып қайта аталып Ережеге сәйкес комитет министрлік құзіретінің шегінде балық шаруашылығы саласында балық шаруашылыгын мемлекеттік басқаруды, арнаулы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ведомство болып табылды. Комитеттің аумақтық органдары-аймақтық балық инспекциялары болды (Солтүстік, Батыс, Орталық-Шығыс және Оңтүстік). Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болды: балық шаруашылығы мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеуге және ісі асыруға қатысу; балық ресурстарын және басқа да су жануарлары қорғауға, өсімін молайту мен пайдалануға және балық шаруашылығын жүргізуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; балық аулау және балық өсіру — ұдайы өндіру қызметін мемлекеттік реттеу, су балық жіберу, балықтың жаңа түрлерін жерсіндіру жөніндегі жұмыстар кешенін, балық шаруашылығы саласындағы мелиоративтік-техникалық және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру.

Комитеттің құрылымы

басшылық; балық ресурстарын және басқада су жануарларын қорғау, өсімін молайту және реттеу басқармасы қаржыландыру және ұйымдастыру-құқықтық жүмыс басқармасы. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 7 мамырдағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің кейбір мәселелері туралы" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 7 мамырдағы № 517 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 21, 268-бап).</ref> комитеттің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері: Орал-Каспий облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндік басқармасы, Балқаш-Алакөл балық ресурстарын қоры және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндік басқармасы Зайсан-Ертіс балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндік басқармасы мемлекеттік мекемелері негізінде Орал-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейн басқармасы, Балқаш-Алакөл балық шаруашылығы бассейндік басқармасы және Зайсан-Ертіс балық шаруашылығы бассейндік басқармасы құрылды. Комитеттің "Батыс аймақтық балық инспекциясы", "Солтүстік аймақтық балық инспекциясы" "Орталық-Шығыс аймақтық балық инспекциясы" және "Оңтүстік аймақтық балық инспекциясы" мемлекеттік мекемелері Комитеттің "Батыс аймақтық балық инспекциясы басқармасы", "Солтүстік аймақтық балық инспекциясы басқармасы", "Орталық-Шығыс аймақтық балық инспекциясы басқармасы" және "Оңтүстік аймақтық балық инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемелері болып қайта аталды. Сәйкес өзгертулер комитет туралы ережеге енгізілді. Атап айтқанда, комитеттің аумақтық органдарына қатысты тармағы жаңа редакцияда мазмұндалды: "Комитеттің аумақтық органдары-аймақтық балық инспекциясы басқармалары, облысаралық балық шаруашылығы бассейндік басқармалары бар". ҚР Үкіметінің 2004 ж. 7 қыркүйектегі қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылы- ғы комитетінің жекелеген мемлекеттік мекемелерін қайта үйымдарстыру және қайта атау туралы" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 7 қыркүйектегі № 938 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 33, 450-бап).</ref> комитеттің "Оңтүстік аймақтық балық инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы бассейндік басқармасы" мен "Жамбыл облыстық аумақтық басқар- масы балық шаруашылыгы" мемлекеттік мекемелеріне бөлу жолы- мен қайта ұйымдастырылды. "Орталық-Шығыс аймақтық балық инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Қарағанды облы- стық аумақтық басқармасы балық шаруашылығы" және "Ақмола облыстық аумақтық басқармасы балық шаруашылығы" мемлекеттік мекемелеріне бөлу жот^ымен қайта ұйымдастырылды. "Солтүстік аймақтық балық инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Қостанай облыстық аумақтық басқармасы балық шаруашылығы" және "Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық басқармасы балық шаруашылығы" мемлекеттік мекемелеріне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды. Комитеттің "Батыс аймақтық балық инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Ақтөбе облыстық аумақтық басқармасы бадық шаруашылығы" мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды. Сәйкес өзгертулер комитет туралы ережеге енгізілді. Атап айтқанда, комитеттің аумақтық органдарының тізбесі жаңа редакцияда мазмұндалды: "Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы бассейндік басқармасы, Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік басқармасы, Зайсан-Ертіс облысаралық балық шаруашылығы бассейндік басқармасы, Орал-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік басқармасы, Ақмола облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы, Ақтөбе облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы, Жамбыл облыс аумақтық балық шаруашылығы басқармасы, Қарағанды облыс аумақтық балық шаруашылығы басқармасы, Қостанай облыс аумақтық балық шаруашылығы басқармасы Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы".

ҚР 2005 ж. 6 сәуірдегі қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2005 ж. 6 сәуірдегі № 310 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2005, № 14, 168-бап).</ref> комитет туралы жаңа ереже, оның құрылымы және комитеттің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелерінің тізбесі бекітілді. Комитет ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзіреті шегінде ҚР Конституциясымен, зандарымен, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерімен және осы ережемен өзіне жүктелген балық шаруашылығы саласындағы арнаулы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство және уәкілетті органы болып табылды. Комитеттің аумақтық органдары-облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармалары, облысаралық балық шаруашылығы бассейндік басқармалары бар.

Комитеттің негізгі міндеттері

балық шаруашылығы мәселелері бойынша мемлекеттік және өңірлік саясатты, стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды іске асыру; балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғауға, өсімін молайту мен пайдалануға және балық шаруашылығын жүргізуге мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету; балық шаруашылығын басқаруды және балық аулау мен балық өсіру-өсімін молайту қызметін мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету.

Комитеттің құрылымы

басшылық; балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және реттеу басқармасы; қаржыландыру және ұйымдастыру-құқықтық жүмыс басқармасы. Комитеттің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелерінің тізбесі өзгертілмеді. <ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}