Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауылдық аумақтар істері жөніндегі комитеті (2004- )

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 16 маусымдағы қаулысымен<ref>1 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауылдық аумақтар істері жөніндегі комитетінің кейбір мәселелері туралы" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 16 маусым- дағы № 662 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 24, 314-бап).</ref> қүрылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 16 маусымдағы қаулысымен<ref>2 Сонда.</ref> комитет туралы ереже және оның қүрылымы бекітілді. Ережеге сәйкес комитет өз қүзіретінің шегінде ауылдық аумақтар істері жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылды. Комитеттің негізгі міндеті мыналар болды: ауылдық аумақтар істері жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу; ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік және өзге де бағдарламаларын әзірлеу және іске асыруға қатысу; ауылдық аумақтарды дамытудың қүқықтық және әлеуметтік-экономикалық шарттарын жетілдіру. Комитеттің аумақтық бөлімшелері болды. Комитеттің қүрылымы мынадай болды: басшылық; үйлестіру және мониторинг басқармасы: әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімі, ауылдық елді мекендердің мониторингі бөлімі; шағын кредит беру бөлімі; ішкі көші-қон және ауыл халқын оңгайлы қоныстандыру бөлімі. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 6 сәуірдегі қаулысымен<ref>3 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" ҚР Үкіметінің 2005 ж. 6 сәуірдегі № 310 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2005, № 14, 168-бап).</ref> комитет туралы жаңа ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қүзіреті шегінде ауылдық аумақтар істері жөніндегі оған ҚР Конституциясымен, заңдарымен, өзге нормативті қүқықтық актілермен және осы ережемен жүктелген мемлекеттік саясатты іске асыру саласында арна- улы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын және осы салада бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомство және уәкілетті орган болып табылады. Комитеттің негізгі міндеттері: ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың іске асвірылуын қамтамасвіз ету; ауылдық аумақтарды дамытудың және ауыл халқының тіршілігін қамтамасыз етудің қүқықтық және әлеуметтік-экономикалық шарттарын жетілдіру. Комнтеттің қүрылымы: басшылық; үйлестіру және мониторинг басқармасы; әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімі; ауылдық елді мекендердің мониторингі; шағын кредит беру бөлімі; ішкі көшіқон және ауыл халқын оңтайлы қоныстандыру бөлімі.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}