Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (2001-2002)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Үкіметінің 2001 ж. 8 маусымдағы қаулысымен<ref name="ReferenceA">"Қазақстан Республикасының Ішкі істер мннистрлігі Жол полициясы комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 8 маусымдағы № 777 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001 № 21, 262-бап).</ref> құрылды.

ҚР Үкіметінің 2001 ж. 8 маусымдағы қаулысымен<ref name="ReferenceA"/> комитет туралы ереже бекітілді. Ережеге сәйкес комитет ҚР Ішкі Істер министрлігі құзіретінің шегінде, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асырған ведомство болып табылды.

Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болды: жол қауіпсіздігі саласында азаматтардың өмірін, құқықтарын және бостандығын қорғау; жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыру; ҚР-да жол қозғалысы қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін мемлекеттік қадағалау және бақылау; жол қозғалысы саласында мемлекеттік билік ету және рұқсат ету функцияларын жүзеге асыру; жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында арнаулы атқару, бақылау-қадағалау және үйлестіру функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттендірілген, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға — облыстардың, және Алматы қалаларының жол полициясы басқармаларына басшылық жасау; ҚР ішкі істер органдарының жол полициясы қызметінің іс-әрекетін бақылау және жетілдіру; алдын алу іс-шараларын жүргізудің және халыққа жол қозғалысы қауіпсіздігінің ережелері мен талаптарын оқытудың тәртібін белгілеу; жол қозғалысы саласында қылмыстардың және әкімішілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу; заңнамада белгіленген құзіреті шегінде анықтауды және әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру; министрліктердің, агенттіктердің, ведомстволардың және өзге де ұйымдардың жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қызметін үйлестіру; жол қозғалысын, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нысандары мен әдістерін жетілдіру.

ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығына<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 28, 307-бап).

  • "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетін тарату туралы" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 11 қазандағы № 1116 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 34, 368-бап).</ref> сәйкес ҚР Үкіметінің 2002 ж. 11 қазандағы қаулысымен<ref name="ReferenceB">Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref> комитет таратылды, мүлкін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері ҚР Ішкі істер министрлігіне берілді.<ref name="ReferenceB"/>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}