Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

1995 ж. 30 тамызда қабылданған ҚР Конституциясына сәйкес құрылды.<ref>Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы, 1995.</ref> Мәжіліс депутаттарынан, судьялардан, прокурорлардан, құқық пәнінің оқытушылары мен заңгер-ғалымдардан, әділет органдары қьізметкерлерінен құрылатын дербес, тәуелсіз мекеме болып табылады. 2001 ж. 11 шілдеде қабылданған "Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасы туралы" ҚР Заңымен <ref>"Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасы туралы" ҚР 2001 ж. 11 шілдедегі № 234 Заңы (ҚР Парламентінің Жаршысы, 2001, № 15-16, 235-бап).</ref> алқаның мәртебесі, қалыптасу және жұмысын ұйымдастыру тәртібі айқындалды. Алқаның негізгі міндеттері: аудандық және оған теңестірілген соттар төрағалары мен судьяларының бос қызмет орындарына кандидаттарды сапалы іріктеуді қамтамасыз ету және оларға ұсынымдар беру; судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету. Алқаның өкілеттігі: аудандық және оған теңестірілғен сотта, сондай-ақ жоғары тұрған соттарда судья болып жұмыс істеуге тілек білдірген азаматтардан біліктілік емтихандарын қабылдайды, және аудандық немесе оған теңестірілген соттың судьясы мен төрағасы қызметіне тағайындау туралы ұсыным береді; судья қызметіне орналасу үшін біліктілік емтиханын тапсырған адамдардың есебін жүргізеді; аудандық немесе оған теңестірілген соттың судьясы мен төрағасының орнынан түсуі немесе орнынан түсуін тоқтату туралы мәселелерді қарайды және аудандық немесе соған теңестірілген соттың судьясы мен төрағасын қызметінен босату туралы ұсыным шығарады. Алқаның құрамы: ҚР Президенті тағайындайтын төраға; ҚР Парламент Мәжілісі жіберетін екі депутат; ҚР Жоғарғы Соттың жалпы отырысы сайлаған жеті судья; ҚР Бас прокуроры тағайындайтын прокурор; ғылым және білім беру саласындағы уәкілетті органымен келісе отырып ҚР Әділет министрлігі жіберетін құқық пәнінің оқытушысы мен заңгер-ғалым; ҚР Әділет министрлігі тағайындайтын әділет органының қызметкері; жұмысты ұйымдастыру үшін Алқа өз құрамынан ашық дауыс беру арқылы екі жыл мерзімге хатшы сайлайды. Алқа мүшелері өкілеттігінің мерзімі — екі жыл. <ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}