Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы - 1910 жылы 31 желтоқсанда құрылды. Ағарту саласы жанашырлары Қоғамының қаражаттарына Верный қалалық думасы Л.Н. Толстой атындағы кітапхана-оқу залын ашу туралы шешім шығарды.

Кітапхана ҚазОАК Президиумының «Қазақ АКСР мемлекеттік көпшілік кітапханасын бекіту туралы» (1931 ж.) Қаулысымен 1931 жылы Республикалық кітап қоймасы мәртебесін алды. Қазақ КСР Министрлер кабинетінің 1991 жылы 9 желтоқсандағы N775 Қаулысы бойынша Ұлттық кітапхана болып аталды.

ҚР ҰҚ ғимараты Қазақ Министрлер Кеңесінің 1982 жылы 26 қаңтардағы N38 Қаулысының және ҚР «Тарихи-мәдени мұраны сақтау мен пайдалану туралы» Заңының 11 және 19 баптарының негізінде тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді.

Кітапхана қорында әлем халықтарының әр тілдерінде 5 831 812 сақтау бірлігін құрайтын әмбебап жалпыұлттық әдебиеттер жинағы сақталады. Қор жыл сайын 100 мың данаға толықтырылып отырады. Күн сайын кітапханаға 3 мыңға жуық оқырман қатынайды. Оқырмандарға 1 жылда 2 миллионнан аса құжат беріледі. Оқырмандарға 15 оқу залы қызмет көрсетеді (жалпы және 14 мамандандырылған). Олар 1500 адамға бір мезгілде қатар қызмет көрсетуге есептелген.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Оқу залдарында негізгі кітап сақтау және қосалқы қорлардан әдебиет беріледі, соның ішінде сирек кітаптар мен қолжазбалар, карталар, ноталар, дыбыс жазбалары, электронды басылымдар топтамалары да бар..

1990 жылы ҚР ҰК Халықаралық кітапхана қауымдастықтары мен мекемелері Федерациясының құрамына кірді. (ИФЛА) және Еуразия кітапхана ассамблеясының (ЕКА) тең құрылтайшысы болды. Толеранттылық, білім, диалогқа ашықтық «Ұлы Жібек жолындағы Керуен-сарай» жобасының негіз қалаушы идеялары болып табылады. ҚР ҰК-ғы шетелдердің мәдениет Орталықтары ақпаратты сақтауға, күшейту мен беруге, мәдени дәстүрлердің жаңғыруы мен халықтардың нақты өзара ықпалдастығына жәрдемдеседі және өздерінің қызметі арқылы «Ұлы Жібек жолындағы Керуен-сарай» бағдарламасын іске асырады. ҚР Ұлттық кітапханасында Ресейлік зерттеулер, Қытай, Пәкістан, Түркия мәдениет Орталықтары, Үндістанды зерделеу, Иран және Орталық Азия халықтарының мәдениетін зерделеу Орталықтары жұмыс істейді. Оқырмандарға әдебиет, Интернет-ресурстар, CD және DVD-материалдар, кітап және өнер туындыларының көрмелері, мәдениет және ғылыми қайраткерлерімен кездесулер арқылы түрлі халықтардың мәдениеті туралы ақпарат беріледі. 2007 жылы Америка мәдениет Орталығын ашу жоспарланды. Тепе-тең бастамаларда Қытай кітапханаларының бірінде Қазақстан мәдениет Орталығы ашылады. Осындай Орталықты Қырғызстан Ұлттық кітапханасында (Бішкек) және Ресей мемлекеттік кітапханасында Орталық Азия мемлекеттері мен Қазақстан ресурстары Орталығын ашу ұйғарылды (Мәскеу). <ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}