Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Президентінің 2001 ж. 22 қаңтардағы Жарлығымен<ref>"Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2001 ж. 22 қаңтардағы № 536 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 1-2, 2-бап).</ref> құрылды, оған таратылған ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің Салық полициясы комитеті мен Салық полициясы академиясының мүлкі мен істерін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді. ҚР Үкіметінің 2001 ж. 27 ақпандағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 27 ақпандағы № 283 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 8, 83-бап).</ref> агенттік туралы ереже бекітілді. Ережеге сәйкес агенттік ҚР экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында экономика және қаржы қызметі саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу мен тергеу бойынша басшылықты, сондай-ақ заңнамамен көзделген шекте салааралық үйлестіруді әрі өзге де арнайы атқарушы және рұқсат етуші функцияларды жүзеге асырған ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган болып табылды. Агенттік құқық қорғаушы орган болып табылды. Агенттіктің негізгі міндеттері мыналар болды: экономика және қаржы қызметі саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу; ҚР экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қаржы полициялары органдарының тиімді қызмет етуін ұйымдастыру; экономика және қаржы қызметі саласында құқық бұзушылықтар жасаған немесе соларды жасағанына күдікті адамдарды іздестіруді жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекетке келтірілген зиянды өтеуге шаралар қабылдау; республикадағы жедел жағдайды талдау және болжау, экономика және қаржы қызметі саласында зандылықты нығайту жөнінде ұсыныстар әзірлеу әрі қаржы полициясы органдарының кірісуін талап ететін мәселелер бойынша жедел әрекет шараларын қабылдау; экономикалық және қаржылық қылмысқа қарсы күрес нысандары мен әдістерін жетілдіру, жедел- іздестіру қызметінің стратегиясы мен тактикасын айқындауға қатысу; өз құзіретінің мәселелері бойынша жалпы республикалық және аймақтық жедел-іздестіру мен алдын алу іс-шараларын үйлестіру және жүргізу; қаржы органдары қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша ҚР салық және кеден органдары қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. ҚР Президентінің 2003 ж. 23 желтоқсандағы Жарлығымен<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2003 ж. 23 желтоқсандағы № 1255 Жарлығы</ref> агенттік ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) болып қайта құрылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қаңтардағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің (қаржы полициясы) мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қаңтардагы № 100 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 4, 56-бап).</ref> ҚР Қаржы полициясы агенттігінің аумақтық және мамандандырылған орғандары-мемлекеттік мекемелері ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа күрес жөніндегі агенттігінің (қаржы полициясы) аумақтық және мамандандырылған органдары-мемлекеттік мекемелері болып қайта құрылды. <ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}