Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі - ҚР Президентінің 2003 ж. 31 желтоқсандағы Жарлығымен<ref>1 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жуйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2003 ж. 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығы (Ағымдағы мұрағат).</ref> ҚР Ұлттық банкін одан агенттік бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылды. ҚР Президентінің 2003 ж. 31 желтоқсандағы Жарлығымен<ref>2 Сонда.</ref> агенттік туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Агенттік қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалауды жүзеге асыратын, ҚР Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады.

Агенттіктің негізгі міндеттері:

  • қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды болдырмау жөніндегі шараларды іске асыру;
  • адал бәсеке принциптерінде қаржы ұйымдарының тиісті түрлерінің жұмыс істеуі үшін тең жағдайлар жасау;
  • қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мен қадағалаудың стандарттары мен әдістерінің деңгейін арттыру, олар қабылдаған міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды пайдалану;
  • қаржы ұйымдары қызметінің стандарттарын белгілеу, қаржы ұйымдарын корпоративтік басқаруды жақсарту үшін ынталандыру шараларын жасау;
  • қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау мақсатында қаржы рыногының және қаржы ұйымдарының мониторингі;
  • қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы нарығының неғұрлым тәуекелге бейім салаларындағы қадағалау ресурстарын шоғырландыру;
  • қазіргі заманғы технологияларды ендіруді ынталандыру түтынушылар үшін қаржы ұйымдары мен олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толық және қол жетімділігін қамтамасыз ету.

Агенттік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі негізгі функцияларды, соның ішінде шоғырландырылған негізде, ҚР заң актілерінде көзделген жағдайларда банктік, сақтандыру қызметін, жинақтаушы зейнетақы қорларының, инвестициялық қорларының қызметін, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі негізгі функцияларды орындайды.

Агенттіктің құрылымы:

  • басшылық;
  • стратегия және талдау департаменті;
  • заң департаменті;
  • банктерді қадағалау департаменті;
  • бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті;
  • сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті;
  • қаржы ұйымдарын тарату департаменті;
  • агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті;
  • бухгалтерия;
  • лицензиялау басқармасы;
  • қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы.

ҚР Президентінің 2004 ж. 10 желтоқсандағы Жарлығымен<ref>3 "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 10 желтоқсандағы № 1495 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 50, 640-бап).</ref> агенттіктің құрылымы мынадай бөлімшелермен толықтырылды:

  • ақпараттық технологиялар басқармасы;
  • өңірлік өкілдер басқармасы;
  • үйлестіру бөлімі — өкілдік (Астана қаласы);
  • халықаралық қатынастар және жүртшылықпен байланыс бөлімі.

<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}