Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі(Қаржы полициясы )

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Президентінің 2003 ж. 3 желтоқсандағы Жарлығымен ҚР Қаржы полициясы агенттігінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қаңтардағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің (қаржы полициясы) мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қаңтардағы № 100 қаулысы (ҚР ГТҮАЖ, 2004, № 4, 56-бап).</ref> агентгік туралы ереже бекітілді. Ережеге сәйкес агенттік ҚР экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында басшылықты, сондай-ақ заңнамамен көзделген шекте экономика, қаржы және сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтарының алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу мен тергеу бойынша салааралық үйлестіруді әрі өзге де арнайы атқарушы және рұқсат етуші функцияларды жүзеге асырған орталық атқарушы орган болып табылды. Агенттіктің негізгі міндеттері мыналар болды: өкілеттіктері шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік субъектілерінің, қоғам мен мемлекеттік заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлық қылмыстарының, экономика және қаржы қызметі саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу; экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу; экономикалық және қаржылық қылмысқа қарсы күрес нысандары мен әдістерін жетілдіру, жедел-іздестіру қызметінің стратегиясы мен тактикасын айқындау; өз құзіретінің мәселелері бойынша жалпы республикалық және аймақтық жедел-іздестіру мен алдын алу іс-шараларын үйлестіру және жүргізу; қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру. ҚР Қаржы полициясы агенттігінің аумақтық және мамандандырылған органдары-мемлекеттік мекемелері ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа күрес жөніндегі агенттігінің (қаржы полициясы) аумақтық және мамандандырылған орғандары- мемлекеттік мекемелері болып қайта құрылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 маусымдағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің (қаржы полициясы) Көліктегі экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес женіндегі департаменті (қаржы полициясы) мемлекеттік мекемесін тарату туралы" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 маусымдағы № 720 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, №26, 341-бап).</ref> агенттіктің Көліктегі экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа күрес жөніндегі департаменті (қаржы полициясы) мемлекеттік мекемесі таратылды. ҚР Президентінің 2005 ж. 25 ақпандағы Жарлығымен <ref>" Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агентгігін (қаржы полициясы) қайта ұйымдастыру туралы" ҚР Президенгініің 2005 ж. 25 ақпандағы № 1521 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2005, № 9, 76-бап).</ref> агенттік ҚР Президентіне тікелей бағынышты және есепті мемлекеттік орган болып қайта құрылды. ҚР Президентінің 2005 ж. 21 сәуірдегі Жарлығымен <ref>"Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің (қаржы полициясы) мәселелері" ҚР Президентінің 2005 ж. 21 сәуірдегі № 1557 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2005, № 16, 189-бап).</ref> агенттік туралы жаңа ереже және оның құрылымы бекітілді. Агенттік ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында басшылықты, сондай-ақ заңнамамен көзделген шекте экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу мен тергеу бойынша салааралық үйлестіруді әрі өзге де арнайы атқарушы және рұқсат етуші функцияларды жүзеге асырушы ҚР мемлекеттік органы болып табылады. Агенттіктің негізгі міндеттері: өкілеттіктері шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің занды құқықтары мен мүдделерін, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлық, экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу; сыбайлас жемқорлық пен экономика саласындағы қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуте және іске асыруға қатысу; қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру. Агенттіктің құрылымы: басшылық; ұйымдастыру-бақылау департаменті — инспекция; ақпараттық-талдау департаменті; экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу департаменті; арнайы департамент; сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және оның алдын алу департаменті; тергеу департаменті; құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаменті; ішкі қауіпсіздік басқармасы; кадрлар басқармасы; құпиялылықты қамтамасыз ету және құжат айналымы басқармасы; қаржы-шаруашылық басқармасы. <ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}