Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) (2002-2004) ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығымен <ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002 ж. № 28 307-бап).</ref> ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттіктің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 16 қыркүйектегі қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 27 мамырдағы № 659 және 1999 ж. 15 қарашадағы № 1713 қаулыларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 16 қыркүйектегі № 1010 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 30, 332-бап).</ref> агенттік туралы ережеге <ref>"Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 1999 ж. 15 қарашадағы № 1713 қаулысын қара (ҚР ПҮАЖ, 1999, № 50, 494-бап).</ref> өзгертулер енгізілді: комитеттің және оның департаменттерінің атауы өзгертілді; агенттіктің құқықтық мәртебесі мен негізгі міндеттерінен шағын бизнес (кәсіпкерлік) саласындағы мемлекетттік саясатты іске асыруға байланысты функциялары алынып тасталынды.

ҚР Президентінің 2003 ж. 13 маусымдағы Жарлығымен <ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру тура- лы" ҚР Президентінің 2003 ж. 13 маусымдағы № 1107 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2003 ж. № 26, 242-бап).</ref> агенттік ҚР Президентіне тікелей бағынысты және есепті мемлекеттік орган болып қайта құрылды. ҚР Президентінің 2003 ж. 20 маусымдағы Жарлығымен <ref>"Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің мәселелері" ҚР Президентінің 2003 ж. 20 маусымдағы № 1141 Жар- лығы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 27, 250-бап).</ref> агенттік туралы ереже және оның құрылымы бекітілді.

Ережеге сәйкес агенттік ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, табиғи монополия субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін бақылаужәне реттеу, бәсекелестікті дамытуды қорғау және үйлестіру, сондай-ақ қызметін табиғи монополия субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілері жүзеге асыратын саладағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылды.

Агенттіктің аумақтық органдары

облыстар мен Астана, Алматы қалалары бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі департаменттері болды.

Агенттіктің негізгі міндеттері

табиғи монополия субъектілерінің қызметін бақылау және реттеу; монополиялық қызметтің, нарықта үстем жағдайын асыра пайдаланудың алдын алу және оған жол бермеу, жосықсыз бәсекелестіктің алдын алу және жолын кесу жөнінде шаралар қолдану; тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндірісі саласында бәсекелестікті дамытуға мемлекеттік қолдау және жәрдем көрсету; мемлекеттік органдар мен мемлекеттік кәсіпорындардың ақылы қызмет көрсетуінің тәртібін бақылау; мемлекеттік монополияға жатқызылған салада өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне бақылау жасау; табиғи монополия мен субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін жүзеге асыру, сондай-ақ олардың қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) баға белгілеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіру; кәсіпкерліктің құқықтарын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру; табиғи монополия мен субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін жүзеге асыру, сондай-ақ олардың қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) баға белгілеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру.

Агенттіктің орталық аппаратының құрылымы

басшылық; жиынтық талдау және үйлестіру департаменті; энергетика және су шаруашылығы секторларын реттеу жөніндегі департамент; көлік және телекоммуникациялар секторларын реттеу жөніндегі департамент; бәсекелестікті қорғау және дамытуды үйлестіру департаменті; құқықтық қамтамасыз ету және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті; бақылау және монополияға қарсы іс-қимыл шараларын қолдану департаменті; әкімшілік жұмысы департаменті. ҚР Президентінің 2003 ж. 21 қазандағы Жарлығымен <ref>"Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің мәселелері" ҚР Президентінің 2003 ж. 20 маусымдағы № 1141 Жар- лығына өзгертулер енгізу туратш" ҚР Президентінің 2003 ж. 21 қазандағы № 1210 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 41, 427-бап).</ref> агенттіктің құрылымы жаңа редакцияда бекітілді: басшылық; электр және жылу энергиясы саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департамент; телекоммуникациялар және аэронавигация саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департамент; темір жол көлігі мен порттар саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департамент; қүбырлар мен су канализациялары жүйесі саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департамент; бәсекелестікті дамытуды қорғау және үйлестіру департаменті; заң департаменті; әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті; талдау және жоспарлау бөлімі.

ҚР Президентінің 2004 ж. 9 маусымдағы Жарлығымен <ref>"Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігін қайта ұйымдастыру туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 9 маусымдағы № 1382 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 23, 291-бап).</ref> агенттік ҚР Үкіметінің қүрамына кірмейтін орталық атқарушы орган болып қайта құрылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 7 шілдедегі қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 7 шілдедегі № 743 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 27, 350-бап).</ref> агенттік туралы жаңа ереже бекітілді. Ережеге сәйкес агенттік ҚР Үкіметінің қүрамына кірмейтін табиғи монополия субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін бақылау және реттеу, бәсекелестікті дамытуды қорғау және үйлестіру және үйлестіру, сондай-ақ қызметін табиғи монополия субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілері жүзеге асыратын саладағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға уәкілетті орталық атқарушы орган болып табылды. Агенттіктің аумақтық органдары — облыстар мен Астана, Алматы қалалары бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі департаменттері болды.

Агенттіктің негізгі міндеттері

табиғи монополия субъектілерінің қызметін бақылау және реттеу; монополиялық қызметтің, нарықта үстем жағдайын асыра пайдаланудың алдын алу және оған жол бермеу, жосықсыз бәсекелестіктің алдын алу және жолын кесу жөнінде шаралар қолдану; тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндірісі саласында бәсекелестікті дамытуға мемлекеггік қолдау және жәрдем көрсету; мемлекеттік органдардың ақылы қызмет көрсетуінің тәртібін бақылау және мемлекеттік кәсіпорындар өңдіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын мемлекеттік реттеу; мемлекеттік монополияға жатқызылған салада өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне бақылау жасау; табиғи монополия мен субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін жүзеге асыру, сондай-ақ олардың қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) баға белгілеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіру; өз құзіретінің шегінде кәсіпкерлікгің қүқьщтарьш қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру; табиғи монополия субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін жүзеге асыру, сондай-ак, олардың қызметтер көрсетуіне (тауарларьша, жұмыстарьша) баға белгілеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру. ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығымен <ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004 ж. № 36, 474-бап).</ref> агенттік ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөиіндегі агенттігі болып қайта ұйымдастырылды, бәсекелестікті қорғау жөніндегі функциясы ҚР Индустрия және сауда министрлігіне берілді. <ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}