Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі (1999-2002)

ҚР Президентінің 1999 ж. 13 қазандағы Жарлығымен <ref>"Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзіретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 1999 ж. 13 қазандағы № 235 Жарлыгы (ҚР ПҮАЖ, 1999, № 49, 462-бап). 1999-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 183-184 б. (Құрастырушылардың ескертпелері). </ref> құрылды. ҚР Үкіметінің 2001 ж. 10 шілдедегі қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 15 қарашадағы № 1713 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 10 шілдедегі № 937 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 26, 321-бап).</ref> агенттіктің құқықтық мәртебесі белгіленді: Агенттік ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу, баға белгілеу, бәсекелестік пен бизнесті (кәсіпкерлікті) дамыту, тұрғын-үй коммуналдық реформаларын жүргізу және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру саласындағы мемлекетгік саясатты іске асыруға өкілеттілік берілген орталық атқарушы орган. Агенттіктің негізгі міндеттеріне мыналар қосылды: бәсекелестікті дамытуға, тұрғын-үй коммуналдық реформалар жүргізуге және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыруға бағытталған орталық және жергілікті атқарушы органдардың әсірекеттерін үйлестіру; кәсіпкерліктің құқықтарын қорғауға бағытталған заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру; тұрғын-үй коммуналдық реформалар және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру саласында мемлекеттік саясатты іске әзірлеу және оны іске асыру.

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 5 тамыздағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасының 1999 ж. 15 қарашадағы № 1713 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 5 тамыздағы № 869 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 26, 279-бап).</ref> агенттіктің құқықтық мәртебесі белгіленді: ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін, табиғи монополиялар субъектілерінің және белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектілерінің қызметін реттеу, баға белгілеу, бәсекелестікті, бизнесті (кәсіпкерлікті), тұрғын-үй коммуналдық қатынастарды дамыту, тарифтік саясат саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға өкілетті орталық атқарушы орган. Осыған сәйкес агенттіктің негізгі міндеттері белгіленді.

ҚР Президенттің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығымен<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйелерін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 28, 307-бап).</ref> агенттік ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі болып қайта құрылды, шағын бизнесті қолдау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері ҚР Индустрия және сауда министрлігіне берілді.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}