Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

(2002-2003)

Сурет:MFA Kazakhstan.jpg
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

ҚР Президентінің 2002 ж. 12 наурыздағы Жарлығымен<ref>1 [["Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы — Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің мәртебесі мен өкілеттіктері туралы"]] ҚР Президентінің 2002 ж. 12 наурыздағы № 824 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 9, 64-бап).</ref> ҚР Мемлекеттік хатшысы —ҚР Сыртқы Істер министрінің құқықтық мәртебесі мен өкілеттігі айқындалды. ҚР Мемлекеттік хатшысыҚР Сыртқы Істер министрі ҚР Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын ҚР лауазымды тұлғасы болып табылды. ҚРМемлекеттік хатшысыҚР Сыртқы Істер министрі өз қызметін ҚРПрезидентінің тікелей басшылығымен жүзеге асырды. ҚР Мемлекеттік хатшысы —[[ҚР Сыртқы Істер министрі]] ҚР Үкіметінің мүшесі болып табылды. ҚР Мемлекеттік хатшысыҚР Сыртқы Істер министрі ҚР Президентінің тапсырмаларына сәйкес мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырды: Сыртқы істер министрлігінің жұмысын үйымдастыру және басшылық жасау; ҚР сыртқы саясатының түжырымдамалық негіздерін әзірлеуді қамтамасыз ету және ҚР Президентіне тиісті ұсыныстар табыс ету; ҚР сыртқы саяси бағытын іске асыруды қамтамасыз ету; ҚР сыртқы экономикалық және инвестициялық саясатын үйлестіру және оны іске асыруды қамтамасыз ету; ҚР атынан мемлекетаралық келіссөздер жүргізу; ҚР орталық атқарушы органдарының халықаралық қызметін үйлестіру; Мемлекеттік хатшы — Сыртқы істер министрінің қүзіретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекет Басшысының қарауына ұсынылатын нормативтік қүқықтық актілердің жобаларын келісу; ҚР-да қызметін қоса атқаруға тіркелген шет е л д е р д і ң елшілерінен сенім грамоталарын қабылдау; мемлекет Басшысы жанындағы мынадай консультативтіккеңесші органдардың қызметін үйлестіру: Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Кеңесі, Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия, ҚР Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын тапсыру жөніндегі комиссия, Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссия, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия, ҚР Президентінің мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Құрмет дипломын тапсыру жөніндегі комиссия; мемлекет Басшысының өзге де тапсырмаларын орындау.Мемлекеттік хатшы — Сыртқы істер министрінің қызметін ұйымдастыру-құқықтық, ақпараттық-талдау және өзге қамтамасыз етуді ҚР Президентінің Әкімшілігі және Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырды. ҚР Президентінің 2003 ж. 10 шілдедегі Жарлығымен<ref>2 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы" ҚР Президентінің 2003 ж. 10 шілдедегі № 1148 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 28, 263-бап).</ref> ҚР Мемлекеттік хатшысының құқықтық мәртебесі мен өкілеттігі айқындады.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}