Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігі (1999-2002) ҚР Президентінің 1999 ж. 13 қазандағы Жарлығымен<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары құрылымын жетілдіру және олардың құзіретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы" [[ҚР Президентінің 1999 ж. 13 қазан- дағы № 235 Жарлығы]] (ҚР ПҮАЖ, 1999, № 49, 462-бап). </ref> ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды<ref>1999-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 152-153 б. (Құрастырушылардың ескертпелері). </ref> . ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығымен<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" </ref> агенттік оны ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне қосу арқылы қайта ұйымдастырылды.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

"Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігінің"

"мәселелері Қазақстан Республикасы Президентінің"

"1999 жылғы 28 қарашадағы N 271 Жарлығы"

"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733 Конституциялық заңының 17-1 бабына сәйкес қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған:1) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігі туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігінің құрылымы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігінің штат саны 31 адам болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігіне материалдық-техникалық қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына жүктелсін.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің мәселелері" атты 1998 жылғы 17 тамыздағы N 4021 (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 26, 218-құжат) және "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 17 тамыздағы N 4021 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 26 наурыздағы N 91 Жарлықтарының күші жойылған деп танылсын.

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) Үкіметтің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;

2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолданылсын.

6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының Стратегиялық
жоспарлау жөніндегі агенттігі туралы ереже

Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стратегиялық жоспарларын (бұдан әрі - стратегиялық жоспарлар), стратегиялық жоспарлар мен мемлекеттік бағдарламалар әзірлеу және іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың қызметін ведомствоаралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады. 2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Агенттік заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады. 4. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен бұйрықтар түрінде актілер шығарады, олардың Қазақстан Республикасының барлық аумағында міндетті күші болады. 5. Агенттік туралы Ережені, оның құрылымы мен жалпы штат санын Агенттік Төрағасының (бұдан әрі - Төраға) ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 6. Агенттіктің заңдық мекен-жайы:473000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 2. 7. Республикалық мемлекеттік органның толық атауы - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігі. 8. Мемлекет Қазақстан Республикасының Президенті атынан Агенттіктің құрылтайшысы болып табылады. Агенттік туралы осы Ереже оның құрылтай құжаты болып табылады. 9. Агенттіктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}