Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі(1999) ҚР Президентінің 1999 ж. 22 қаңтардағы Жарлығымен<ref>"Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" ҚР Президентінің 1999 ж. 22 қаңтардағы № 6 Жарлығы (Егемен Қазақстан, 1999 ж. 23 қаңтар). 1999-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 162-163 б. (Қүрастырушылардың ескертпелері). </ref> құрылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 31 желтоқсандағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, №51, 683-бап).</ref> агенттік туралы жаңа ереже бекітілді. Агенттік ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін ҚР орталық атқарушы органы болып табылады.

Агенттіктің негізгі міндеттері: мемлекеттік саясат жүргізу және мемлекеттік статистиканы басқару; ғылыми әдіснама және халықаралық стандарттардың негізінде бірыңғай статистикалық ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін және жетілдіруді қамтамасыз ету; мемлекеттік, коммерциялық құпиялардың сақталуын және бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету; статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, дұрыстығы мен жеткіліктілігін қамтамасыз ету; елімізде болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестер мен олардың даму үрдістерін жан-жақты және объективті түрде зерделеу, қорыту және талдау. Агенттік облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары және ведомстволық бағынысты ұйымдары бар. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 18 қаңтардағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің өңірлік құрылымын оңтайландыру туралы" ҚР Үкіметінің 2005 ж. 18 қаңтардағы № 24 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2005,№ 1, 9-бап).</ref> агенттіктің ақпараттық-статистикалық орталықтары-мемлекеттік мекемелері оларды ақпаратты жинау жөніндегі функциясын агенттікке бере отырып, оның аумақтық органдарына қосу арқылы қайта ұйымдастырылды. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 10 қазандағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 31 желтоқсандағы N° 1460 қаулысына өзгерту енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2005 ж. 10 қазандағы № 1010 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2005, №37, 518-бап).</ref> агенттіктің мемлекеттік мекемелерінің тізбесінен ақпараттық-статистикалық орталықтар-мемлекеттік мекемелері шығарылды.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}