Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі (2002-2004)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығымен<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 28, 307-бап).</ref> комитет ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің кеден істері саласындағы функциялары жаңа құрылған ҚР Кедендік бақылау агенттігіне берілу жолымен қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды.

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 6 қыркүйектегі қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 6 қыркүйектегі № 981 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 29, 325-бап).</ref> агенттік туралы ереже бекітілді. Ережеге сәйкес агенттік ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін, ҚР экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кеден ісі саласында тікелей басшылықты, салааралық үйлестіруді және өзгеде арнайы атқарушылық, рұқсат ету функцияларын жүзеге асырған ҚР орталық атқарушы органы болып табылды. Агенттік құқық қорғаушы орган болып табылды.

Агенттіктің негізгі міндеттері мыналар болды: өз құзіретінің шегінде ҚР экономикалық қауіпсіздігі мен экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету; ҚР кеден саясатын әзірлеуге және жүргізуге қатысу; оның орындалуын бақылауды ҚР кеден органдары жүзеге асыруға міндетті болатын ҚР кеден және өзге де заңнамасының сақталуын, кеден ісін жүзеге асыру кезінде азаматтар мен ұйымдардың заңды құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету; сауда-экономикалық қатынастарды кедендік реттеудің құралдарын қолдану; кедендік төлемдер мен салықтарды алу; лицензиялауды қоса алғанда, ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шараларын әзірлеуге қатысу; тауарлар мен көлік құралдарын ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізу кезіндегі рұқсат ету тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету; контрабанда мен қылмыстарға, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарға, ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кеден ережелері мен салық заңнамасын бұзушылықтарға қарсы күрес; кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуді жүзеге асыру және жетілдіру, ҚР кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал ететін жағдайлар жасау; сыртқы сауданың кеден статистикасы мен ҚР арнайы кеден статистикасын жүргізу; сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасын жүргізу; ҚР сыртқы экономикалық байланыстарының, сондай-ақ ұйымдар мен азаматтардың осындай байланыстар шеңберіндегі қызметінің дамуына жәрдемдесу; стратегиялық және ҚР мүдделері үшін өмірлік маңызы бар басқа да материалдардың әкетілуін бақылауды жүзеге асыру; өз құзіретінің шегінде валюталық бақылауды жүзеге асыру; шет ел мемлекеттерінің кедендік және өзге де құзіретті органдарымен, кеден ісі мәселелерімен айналысатын халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру. Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері ҚР кеден органдарының біртұтас жүйесін құрады.

ҚР Үкіметінің 2003 ж. 15 қыркүйектегі қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі аумақтық бөлімшелерін қайта атау туралы" ҚР Үкіметінің 2003 ж. 15 қыркүйектегі № 938 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 37, 380-бап).</ref> агенттіктің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелері (басқармалары) департаменттер болып қайта аталды.

ҚР Үкіметінің 2003 ж. 19 қарашадағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің "Өскемен" кедені мемлекеттік мекемесін тарату туралы" ҚР Үкіметінің 2003 ж. 19 қарашадағы № 1157 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 43, 468-бап).</ref> агенттіктің "Өскемен" кедені таратылды.

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 10 наурыздағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің және Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 10 наурыздағы № 300 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 12, 162-бап).</ref> агенттіктің "Қаржы-шаруашылық" мемлекеттік мекемесі құрылды.

ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығымен<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекетгік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, №36, 474-бап).</ref> агенттік оны ҚР Қаржы министрлігіне қосу жолымен қайта ұйымдастырылды.

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитегінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы № 1133 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 43, 541-бап).</ref> ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті құрылды, оған қайта ұйымдастырылған агенттіктің мүлкі берілді. ҚР Кедендік бақылау агенттігінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша едендік бақылау департаменттері-мемлекеттік мекемелері, кинологиялық орталығы, орталық кедендік лабороториясы ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің департаменттері-мемлекеттік мекемелері, кинологиялық орталығы, орталық кедендік лабороториясы болып қайта ұйымдастырылды.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}