Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті (2002-2004)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығына<ref>"Қазақстан Ресггубликасының мемлекеттік басқару жуйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, №28, 307-бап).</ref> сәйкес ҚР Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі № 996 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 30, 330-бап).</ref> комитет Құрылды. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы № 1220 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 41, 414-бап).</ref> комитет туралы ереже және оның Құрылымы бекітілді. Комитетке таратылған ҚР Экономика және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінің мүлкі берілді. Ережеге сәйкес Комитет КР Индустрия және сауда министрлігінің құзіреті шегінде заңнамаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері саласында арнайы атқару және бақылау-қадағалау функ- ңияларын, сондай-ақ салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыратын ведомство болып табылды. Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болды: сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асырған кезде азаматтар мен қоғамның қолайлы әрі экологиялық қауіпсіз өмір сүру және тіршілік ету ортасына деген мүдделерін қамтамасыз ету, жобалау мен құрылыс өнімдерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау, құрылыстың сенімділігі мен қауіпсіздігін, пайдаланған кезде салынған объектілердің түрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету; халықтың толық мәнді өмір сүру және тіршілік ету ортасын қалыптастыру, елді мекендердің табиғи ресурстары мен аумақтарын және қонысаралық аумақтарды қала құрылысына игерген, дамытқан және салған кезде оларды ұтымды пайдалану; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қаражаттарымен тарихи және мәдени мұра ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз ету; әлеуметтік, өндірістік, инженерлік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылымдарды дамыту; салаға инвестицияларды тарту және оларды тиімді пайдалану үшін ынталандыратын жағдайлар жасау; жобалау және құрылыс өнімдерінің ішкі рыногын қорғау, отандық жобалау мен құрылыс өнімдері сапасын және бәсекелеуте қабілетін арттыруға ынталандыратын жағдайларды қалыптастыру; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы интеграциялық процестерді тереңдету.

Комитеттің құрылымы мынадай болды: басшылық; сәулет және тұрғын үй құрылысы басқармасы; сәулет-құрылыстық бақылау және лицензиялау басқармасы; құрылыстағы техникалық нормалау мен жаңа технологиялар басқармасы; құрылыстағы экономикалық талдау және жоспарлау басқармасы. ҚР Үкіметінің 2003 ж. 18 қыркүйектегі қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2003 ж. 18 қыркүйектегі № 951 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 38, 385-бап).</ref> облыстарда, Астана және Алматы қалаларында комитеттің аумақтық бөлімшелері құрылды. Осыған сәйкес комитет туралы ережеге толықтыру енгізілді: облыстарда, Астана және Алматы қалаларында комитеттің құрылымдық аумақтық бөлімшелері бар. Комитеттің құрылымы жаңа редакцияда мазмұндалды: басшылық; сәулет, жобаларды техникалық сараптау және тұрғын үй саясаты басқармасы; сәулет-құрылыстық бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы; құрылыстағы экономикалық тандау және баға түзу басқармасы; құрылыстағы техникалық нормалау мен жаңа технологиялар басқармасы; жұмыстарды қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімі; комитеттің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелері. ҚР Үкіметінің 2003 ж. 23 желтоқсандағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2003 ж. 23 желтоқсандағы № 1302 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 48, 541-бап). </ref> комитет туралы ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізілді: комитет қосымша тұрғын үй-коммуналдық саласында арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асырады; комитеттің негізгі міндеттері тұрғын үй-коммунаддық саладағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру міндетімен толықтырылды. Комитеттің Құрылымы да өзгертілді: сәулет, жобаларды техникалық сараптау және тұрғын үй саясаты басқармасы сәулет, жобалар- ды техникалық сараптау және құқықтық жұмыстар басқармасы болып қайта Құрылды; қосымша тұрғын үй саясаты және тұрғын үй-коммуналдық сала басқармасы Құрылды. [[ҚР Президенті|ҚР Президентінің]] 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығына<ref>"Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйелерін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, №36, 474-бап). </ref> сәйкес комитет ҚР Үкіметінің 2004 ж. 26 қарашадағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 26 қарашадағы № 1237 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 47, 586-бап). </ref> таратылды.

<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық:

Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель;
Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007.  ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}