Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі (1999- ) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің <ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзіретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 1999 ж. 13 қазан- дағы № 235 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 1999, № 49, 462-бап).</ref> қайта құрылуының нәтижесінде ҚР Президентінің 1999 ж. 13 қазандағы Жарлығымен <ref>1999-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақ- стан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 273-274 б. (Құрастыру- шылардың ескертпелері).</ref> құрылды.

ҚР Үкіметінің 2001 ж. 27 желтоқсандағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 23 қарашадағы № 1776 қаулысына өзгер- тулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 27 желтоқсандағы №1729 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 48, 581-бап ).</ref> агенттік туралы ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізді. Атап айтқанда, облыстармен, Астана және Алматы қалаларымен қатар агенттіктің аумақтық органдары аудандарда да бар екендігі көрсетілді. Агенттіктің негізгі міндеттеріне қосымша жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі міндеті жатқызылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 1 маусымдағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің кейбір мәселелері туралы" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 1 маусымдағы № 610 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 23, 294-бап).</ref> агенттіктің жер ресурстарын басқару жөніндегі қалалық комитеттері-мемлекеттік мекемелері агенттіктің (Көкшетау, Ақтөбе, Талдықорған, Қапшағай, Атырау, Өскемен, Семей, Зырьяновск, Тараз, Уральск, қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Қызылорда, Қостанай, Арқалық, Рудный, Ақтау, Павлодар, Екібастұз, Петропавловск, Шымкент, Туркістан, Кентау қалалары) аумақтық органдары ретінде құрылды. Осыған сәйкес агенттік туралы ережеге өзгерту енгізілді: "Агенттіктің облыстарда, қалалар мен аудандарда аумақтық органдары бар". Осы қаулымен агенттіктің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелерінің тізбесі де жаңа редакцияда бекітілді.

ҚР Үкіметінің 2005 ж. 14 қаңтардағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Жер ресурстарьш басқару жөніндегі агентгігінің ережесін бекіту туралы" ҚР Үкіметшің 2005 ж. 14 қаңгардағы № 14 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2005, № 1, 7-бап).</ref> агенттік туралы жаңа ереже бекітілді. Агенттіктің жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық комитетгері-мемлекеттік мекемелері агенттіктің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық басқармалары және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардағы бөлімдер деп қайта аталды. Агенттік ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін, заңнамада көзделген шектерде арнаулы атқару, рүқсат ету және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ жер ресурстарын мемлекеттік басқару саласында топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР орталық атқарушы органы болып табылады. Агенттіктің облыстарда Астана және Алматы қалаларында, облыстық маңызы бар аудандар мен қалаларда аумақтық органдары бар. Агенттіктің негізгі міндеттері: жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын реттеу, геодезия және картография саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу; жер ресурстарын басқару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жерге орналастыру, геодезия және картография жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру; мемлекеттік геодезиялық қадағалауды жүзеге асыру және тиісті ақпаратты қорғау. Осы қаулымен агенттіктің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелерінің тізбесі бекітілді. <ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}