Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (1996- ) Таратылған ҚР Еңбек министрлігі мен ҚР Халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің негізінде ҚР Президентінің 1996 ж. 29 қазандағы Жарлығымен<ref>1 "Орталық атқарушы органдардың құрылымын жетілдіру және мемлекеттік органдар санын қысқарту туралы" ҚР Президентінің 1996 ж. 29 қазандағы № 3168 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 1996, № 43, 409-бап).</ref> құрылды.<ref>2 1996-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 506-508 б. (Құрастырушылардың ескертпелері).</ref> ҚР Үкіметінің 2001 ж. 20 шілдедегі қаулысымен<ref>3 "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 20 шілдедегі № 983 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 27, 340- бап).</ref> министрлік туралы жаңа ереже бекітілді. Ережеге сәйкес министрлік өзінің қүзіретіне жатқызылған қызмет саласында басшылық жасайтын, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асырған ҚР орталық атқарушы органы болып табылды. Министрліктің ведомствосы — Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті болды. Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары болды.

Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болды:

  • еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және оларды жүзеге асыру;
  • жұмыссыздық деңгейін азайту және кедейлік ауқымын қысқарту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;
  • әлеуметтік әріптестік саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
  • жинақтаушы зейнетақы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
  • еңбек, еңбек қорғау, жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау туралы заңнаманың сақталуына мемлекетгік бақылауды қамтамасыз ету;
  • заңнамамен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Министрлік және оның аумақтық органдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің біртүтас жүйесін құрады. ҚР Үкіметінің 2001 ж. 21 желтоқсандағы қаулысымен<ref>4 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 21 желтоқсандағы № 1668 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, №47, 563-бап).</ref> министрлік дәрігерлік-әлеуметтік сараптау мәселелері жөніндегі уәкілетті орган екендігі белгіленді. ҚР Президентінің 2002 ж. 17 мамырдағы Жарлығымен<ref>5 "Қазақстан Республикасының қаржы нарығын мемлекеттік реттеудің біртұтас жүйесін үйымдастыру мәселелері" КР Президентінің 2002 ж. 17 мамырдағы № 872 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 14, 139-бап).</ref> министрлік ҚР Үлттық Банкіне жинақтаушы зейнетақы қорларының (қызметін реттеу жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілу жолымен қайта үйымдастырылды. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 17 маусымдағы қаулысымен<ref>6 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетін тарату тура- лы" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 17 маусымдағы № 662 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 17, 195-бап).</ref> министрліктің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті таратылып, мүлкі ҚР Ұлттық Банкіне берілді. Осыған сәйкес министрлік туралы ережеден министрліктің ведомствосы бар екендігі көрсетілген тармағы алынып тасталынды. ҚР Үкіметінің 2003 ж. 31 қазандағы қаулысымен<ref>7 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 20 шілдедегі № 983 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2003 ж. 31 қазандағы № 1081 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 42, 448-бап).</ref> министрліктің негізгі міндеттеріне қосымша мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру міндеті жатқызылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 2 сәуірдегі қаулысымен<ref>8 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 20 шілдедегі № 983 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 2 сәуірдегі № 379 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 16, 202-бап).</ref> министрліктің негізгі міндеттеріне қосымша міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру міндеті жатқызылды. ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығымен<ref>9 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, №36, 474-бап).</ref> ҚР Коші-қон және демоғрафия жөніндегі агенттігі оны министрлікке қосу жолымен қайта үйымдастырылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы қаулысымен<ref>10 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы № 1132 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, №43, 540-бап).</ref> министрлік туралы ереже бекітітуі- Көші-қон жөніндегі комитеті құрылды және ҚР Көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің аумақтық органдары мемлекеттік мекемелері Көші-қон жөніндегі комитетінің аумақтық органдары-мемлекетгік мекемелері болып қайта үйымдастырылды. Министрлік өзінің қүзіретіне жатқызылған қызмет саласында басшылық жасайтын, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР орталық атқарушы органы болып табылады. Министрліктің негізгі міндеттері мемлекеттік саясатты қалыптастыру, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде, еңбек, еңбек қауіпсіздігі және қорғау, жұмыспен қамту, әлеуметтік әріптестік, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру, өз қүзіретінің шегінде көші-қон процестерін реттеу саласындағы салааралық үйлестіру болып табылады. Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар. Министрліктің ведомствосы — Көші-қон жөніндегі комитеті бар.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}