Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1991 ж. 6 желтоқсандағы қаулысымен<ref>1 "Қазақ КСР прокуратура органдарының біртұтас жүйесін құру, олардың дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы" Қазақ КСР Жоғаргы Кеңесі Президиумының 1991 ж. 6 желтоқсандағы № 997 қаулысы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991,№48-50, 613-бап).</ref> Қазақ КСР аумағында жұмыс істейтін прокуратура органдарының базасында Қазақ КСР Бас прокуратурасына бағынысты прокуратура органдарының біртұтас жүйесі құрылды.

КСР прокуратура органдарының біртұтас жүйесін республика прокуратурасы (орталық аппарат), облыстар, Алматы қаласының,Алматы, Целинная және Батыс-Қазақстан көліктік прокуратуралары(облыстық құқығындағы), қалалар мен аудандар, көліктік, табиғат қорғау,су және өзге мамандандырылған прокуратуралары (аудан құқығындағы) және олардың мүлкі республика меншігі болып табылды.
1992 ж. 17 қаңтарда,<ref>2 "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" ҚР 1992 ж. 17 қаңтардағы № 1146 Заңы (ҚР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992, № 5, 104-бап).</ref> "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" ҚР Заңы3<ref>3 1991-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан-2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 136-140 б. (Қүрастырушылардың ескертпелері).</ref> қабылданды.
ҚР Президентінің 2003 ж. 28 наурыздағы Жарлығымен<ref>4 "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін құру туралы" ҚР Президентінің 2003 ж. 28 наурыздағы № 1050 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 12, 130-бап).</ref> ҚР Баспрокуратурасы жанынан Қүқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті құрылды. Оған таратылған ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының функциялары мен мүлкін басқару жөніндегі өкілеттіктері құрылды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.): <ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}