Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі (2003- )

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Президентінің 2003 ж. 13 маусымдағы Жарлығымен <ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" ҚР Президентінің 2003 ж. 13 маусымдағы № 1107 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 26, 242-бап)</ref> ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган ретінде құрылды, оған ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің ақпараттандыру және байланыс саласындағы функциялары мен өкілеттіктері берілді. ҚР Үкіметінің 2003 ж. 22 шілдедегі қаулысымен <ref>Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің мәселелері" КР Үкіметінің 2003 ж. 22 шілдедегі № 724 қаулысы (ҚР ГТҮАЖ, 2003, № 30, 294-бап).</ref> агенттік туралы ереже бекітілді. Таратылған ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетінің мүлкін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері агенттігіне берілді. Комитеттің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері агенттіктің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері болып қайта құрылды. АгенттікҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін, ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға уәкілеттік берілген орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттіктің негізгі міндеттері: байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және оның іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру; өз құзіреті шегінде ақпараттандыру және байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру; радиожиілік спектрін бөлу және пайдалану саласындағы, сондай-ақ өз құзіретінің шегінде ақпараттандыру және байланыс саласында метрология, стандарттау және сертификаттау аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету; байланыс және ақпараттандыру саласын- дағы мемлекеттік техникалық қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру; ҚР ақпараттандыру мен байланысын дамытудың және жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтары туралы үсыныстар әзірлеуге қатысу және іске асыру, олардың сапасын, қол жетімділігін және орнықты жұмыс істеуін арттыру; радиожиілік спектрін пайдалануды жоспарлау, сондай-ақ оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету; ақпараттандыру және байланыс қызметтерін көрсету рыногының жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау; ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және жобалау жұмыстарына, сондай-ақ ақпараттандыру және байланыс саласындагы кадрларды оқытуға, даярлауга және біліктілігін арттыруға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру; ақпараттандыру және байланыс саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру. Агенттіктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында занды түлғалар болып табылатын аумақтық органдары-ақпараттандыру және байланыс жөніндегі басқармалары бар.

<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық:

Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель;
Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007.  ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}