Қазақстан Республикасының "Барлау" қызметі (1997- )

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Президентінің 1997 ж. 5 қарашадағы Жарлығымен<ref>"Ұлттық қауіпсіздікті нығайту, ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 1997 ж. 5 қарашадағы № 3731 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 1997, № 48, 443-бап).</ref> ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Барлау департаментінің базасында ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін сыртқы барлау органы ретінде құрылды.

ҚР Президентінің 1998 ж. 8 қыркүйектегі Жарлығымен<ref>"Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету күштерінің жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 1998 ж. 8 қыркүйектегі № 4058 Жарлығы (Ағымдағы мүрағат).</ref> ҚР "Барлау" қызметі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Барлау" қызметі болып қайта ұйымдастырылды. Қайта ұйымдастырылған "Барлау" қызметі ҚР ҮҚК ведомствосы болып табылатындығы белгіленді.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}