Қазақстан Интернет Қауымдастығы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
«Қазақстан Интернет Қауымдастығы» - Заңды тұлғалар бірлестігі
2009 жылдың мамыр айында бірнеше компаниялар жаңа коммерциялық емес ұйымның құрылтайшысы болды - Заңды тұлғалар бірлестігі «Қазақстан Интернет Қауымдастығы».
Ал 2009 жылдың 3 маусымында ЗТБ «Қазақстан Интернет Қауымдастығы» мемлекеттік органдарда ресми тіркелген болатын.
«Қазақстан Интернет Қауымдастығының» мақсаты:
- Қазақстан нарығындағы интернет-қызметін көрсетуге қатысушыларды мемлекеттік билік органдарына ұсыну;
- Қазақстан нарығындағы интенет қызметін көрсету жетістіктерін халықаралық дәрежеге ұсыну, қазақстандық интернет-компаниялардың халықаралық проектілерде белсенділігіне қолдау көрсету;
- Интернет қызметін көрсету стандарттарын дамыту және құру.
- Интернет аумағындағы әлеуметтік мәнді ресурстарға мемлекеттік көмек көрсетілуін қамтамасыз ету және қолдау көрсету.
- Қазақстан экономикасының маңызды секторы ретінде интернет-қызметін көрсету саласындағы нарықты дамыту, электрондық бұқаралық ақпараттар құралдары (БАҚ) мен бұқаралық коммуникация құралдарын (БКҚ) қоса.
- Халықтың электронды технологияға сенімін нығайту, жарнама берушілер мен инвесторларға интенет-қызметін көрсету нарығын тартымды ету;
- Интернет-қызметін көрсету нарығындағы қазақстандық және әлемдік тәжірибені зерттеу және жүйелеу;
- Интернет-сервистерді сертификаттау;
- Интернет тақырыбындағы шолушы және ғылыми-тәжірибелік конференциялар, форумдар, симпозиумдар ұйымдастыру және өткізу.
- Интернет-қызметін көрсету саласындағы мамандардың іскерлік шеберлігін бір дәрежеде ұстау және жетістіктерін қолдау.