Қазақстан Дизайнерлер Одағы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан дизайнерлер одағы – шығармашылық ұйым. Кәсіби дизайнерлер мен дизайн саласындағы мамандардың басын біріктіру мақсатында 1987 жылы құрылған. Одақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік көркем нақышының кешенді дизайн бағдарламасын дайындап, жүзеге асыру ісінде шығармашылық өндірістік кәсіпорындардың жұмыстарын үйлестіреді.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> Республикалық және халықаралық көрмелер ұйымдастырып, конференциялар мен симпозиумдар өткізеді. Кәсіпорындардың, өнеркәсіптік және құрылыс нысандарының фирмалық нақышын жобалау, баспа өнімдерін безендіру дизайнын, тері, жүн, киіз, керамика материалдарынан дайындалатын сувенир және қолөнер, зергерлік бұйымдардың этнодизайнын жасауды жүзеге асырады. Патенттік-лицензиялық қызмет атқарады. Қазақстан дизайнерлер одағы 235 мүшесі бар (2003). Олардың 20-сы Президент стипендиясының иегері. Одақтық Республика облыстарында 9 бөлімшесі бар. Қазақстан даму одағының алғашқы президенті Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Т.Б. Сүлейменов.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}