Қазақстан Авторлары Қоғамы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Авторлары Қоғамы

Қазақстан Авторлары Қоғамы(ҚазАҚ) – авторлық құқықты қорғаумен айналысатын респ. қоғамдық бірлестік. 1996 жылы қабылданған «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына орай 1997 жылы 10 қыркүйекте құрылған. Ақын, драматург, композитор, суретші, ғалым, т.б. авторлардан тұратын 700-ге жуық мүшесі бар. Сонымен қатар авторлардың мұрагерлері де қоғам мүшесі болып саналады. Мүшелікке келісімшарт негізінде қабылданады. Қазақстан авторлары қоғамы еліміздің авторлары мен олардың мұрагерлерінің құқығын Қазақстан Республикасы аумағында және дүние жүзі көлемінде қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамның облыс орталықтары және ірі қалаларда 18 бөлімшесі мен өкілдіктері жұмыс істейді. Қазақстан Авторлары Қоғамы шетел авторлары құқығының Қазақстан аумағында сақталуын қадағалайды. Соған орай қоғам 1999 жылдың 1 желтоқсанында халықаралық ұйым СИЗАК-тың (Авторлар мен композиторлардың халықаралық конфедерациясының) мүшесі болып тіркелді. Қоғам әлемнің 30-дан астам өзі іспеттес ұйымдарымен екі жақты келісімшарт негізінде тікелей байланыс жасайды, олардың ішінде РАО (Ресей), АСКАП, ВМІ (АҚШ), CASEM (Франция), SACM (Мексика), SBAT (Бразилия), SUІSA (Швейцария), т.б. танымал ұйымдар бар. Қоғам авторлар құқығын қорғау ісін санаткерлік меншік нысандарын (туындыларды) пайдаланушы ұйымдар мен кәсіпорындарға, жекелеген кәсіпкерлерге лицензиялық шарт беру арқылы жүзеге асырады. Сонымен қатар авторлар шығармаларын насихаттап, олардың шет елдерге таралуына ат салысады.<ref name=source1>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>

Сілтемелер

Сыртқы сілтемелер

Қазақстан Авторлары Қоғамы

Дереккөздер</span>

<references/>

Толықтыру

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақстан Авторлары Қоғамы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}