Қазақстан-Қызылорда (телеарна)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Компания Қызылорда облыстық телеарнасы 1991 жылдың 30 сәуірінде ашылды. Дәл осы күні алғаш рет 30 минуттық хабармен эфирге шықты. Ертесіне, 1 мамыр күні қаланың орталық алаңындағы мерекелік демонстрациядан 45 минуттық тікелей репортаж жасады.<ref>http://kyzylordatv.kz/kz/category/channel</ref>

Телеарна ашылуының басы-қасында сол кезде облыстық радионы ұзақ жылдар басқарған, «КСРО-ның құрметті радисі», алғашқы төраға Жақсылық Бекқожаев, журналистер Баян Исламбаева, Айткүл Шалғынбаева, инженерлер Бақытжан Шөкенов, Марат Шалабаев, Жәнібек Жұманов, Юрий Ефановтар жүрді. Алғашқы режиссер қызметін Хұсейін Әмір-Темір атқарса, тұңғыш диктор Айгүл Оразова болды.

Теледидардың алғашқы жабдығы «Останкино» телеорталығынан әкелінген «Кадр» 3 ПМ маркалы бейнемагнитофоны болды. Одан кейін 1991 жылдың соңына таман АСБ, Ленинград қаласынан ПТС әкелінді.

Жаңадан ашылған телеарнаның хабар тарату ауқымы, материалдық базасы жыл өткен сайын ұлғая берді. Хабар тарату ауқымы он жылдың көлемінде 5 сағатқа, 2004 жылдан бастап 14 сағатқа көбейді. 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап телеарна хабарлары 1 сағат көлемінде «Кателко» спутниктік жүйесі арқылы тартыла бастады.

2009 жылдың 28 тамызынан бастап «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы республикада алғашқылардың бірі болып облыс аумағына тәулігіне 14 сағат көлемінде хабар таратуға көшті.

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Қазақстан Телерадиокорпорациясы