Қазақстанның экономикалық аудандары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Еліміздің аумағының үлкендігі, табиғат жағдайлары мен ресурстарының алуан түрлілігі географиялық еңбек бөлінісінің (ГЕБ) негізі болып табылады.Географиялық еңбек бөлінісі - жекелеген аудандардагы өнеркәсіп салаларының және ауыл шаруашылыгының қалыптасу мүмкіншілігін анықтайды.Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысының агроклиматтық жағдайы егіншілікпен айналысуға, ірі кара өсіруге мүмкіншілік береді. Ал оңтүстік батыстағы Маңғыстау облысыньің табиғат жағдайы ауыл шаруашылығында тек қана кой, түйе шаруашылыгын дамытуға қолайлы.Мамандану: кәсіпорындарға жөне жеке аймақтарға байланысты немесе бірнеше облыс аумағына тән болуы мүмкін. Салалардың мамандануын қалыптастыру үшін төмендегідей жағдайлар керек:

  • - Сол аумаққа кажетті өнім түрлері мүмкіндігінше артық ендірілуі тиіс. (Артылған өнім керші аудандардың қажеттілігіне жұмсалады.)
  • - Өнімнің өзіндік құны басқа аудандарға қарағанда арзан болуы тиіс.
  • - Табиғи ресурстар мен оны игерудің колайлы жағдайы ұзақ жылдарға есептеліп, оны тасымалдау үшін көлікпен камтамасыз етілуі кажет.Мамандандыру нәтижесінде экономикалық аудандар, яғни өзінің мамандандырылуымен, сондай-ақ шаруашылықты кешенді дамыту жолдарымен, өзіндік географиялық жағдайымен, табиғи және еңбек ресурстарымен ерекшеленетін аймақтар калыптасады.Қазақстан аумағы бес экономикалық ауданға бөлінеді: Орталық, Шығыс, Батыс, Солтүстік жәнө Оңтүстік.Мамандануды анықтаудың төмендегідей көрсеткіші бар. Яғни мамандану коэффициентінің формуласын қолданамыз.K=F/Х Бұл жердегі A - мемлекетіміздің жалпы өндірісіндегі аудан өнімінің үлесі (белгілі бір сала бойынша).Егер К - 1-ге тең болса, саланы маманданған сала деп есептеуге болады. Мысалы, республикамыздағы мұнай өндірісінде Батыс Қазақстанның үлесі 81% болса, халық саны 17%, яғни мамандану көрсеткіші К - 4,8. Сондықтан да мұнай өнеркәсібі Батыс Қазақстанның маманданған саласына жатады.

Сен білесің бе?

  • 1. Ежелгі кезеңдерде географиялык еңбек бөлінісі Еуропа жерлерінде кішігірім аймақтармен шектелді. Негізінен Жерорта теңізі жағалауында дамыды. Орта ғасырларда географиялық еңбек бөлінісіне Еуропаның солтүстік теңіз жағалауында қосылды. Олар: Франция,Италия, Англия, Скандинавия елдері, Польша, Новгород және Мәскеу князьдықтары аймақтары.Араб халифатының кеңеюіне байланысты араб кепестері Үнді Қытай, Мадагаскар жөне кіші аралдарға дейін жетті. Ұлы географиялық ашылу кезеңдерінде географиялық еңбек белінісі Атлант мұхитына, Еуропадан - Үндістанға дейін тарады. Материктердің ішкі аймактарына темір жолдар тартылды. Географиялық еңбек бөлінісінің жедел дамуына жаңа жерлердің ашылуы және көлік түрлерінің пайда болуы әсер етті. Нәтижесінде XV-XVI ғғ. Еуропа феодалдык қатынастан капиталистік жүйеге ауысты.
  • 2. Николай Николаевич Баранский - Кеңес өкіметі тұсындағы ең мықты географтардың бірі, экономикалық географияның негізін салушы ғалым Н.Н. Баранский адамзаттың табиғатқа әсерін жөне оның табиғи ортаға айналуына, өсіресе географиялық ортаның адамзатқа кері өсер етуіне кеп көңіл бөлді. Егер де географиялық орта қоғамға әсер етпесе, коғамда географиялық ортаны езгертудің, оны өзіне қолайлы етудің қажеті жоқ.
  • 3. Экономикалық география - коғамның экономикалык өмірінің аумактық ұйымдастырылуын зерттейтін ғылым. Өзіне тән заңдары мен заңдылықтары бар. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылык, көлік, байланыс,сауда жөне т.б. географияға бөлінеді.
  • 4. Өнеркәсіп торабы: 1) Өндірістік байланысы тығыз байланыскан кәсіпорындар. Өндірістік инфракқұрылымы, көлік географиясының орналасуы бірдей болып келетін бір калада немесе бір-біріне жақын елді мекендерде орналаскан.2) Өндірістік инфрақұрылымы кейде өндірістік байланысы бар белгілі бір жерде орналасқан өнеркәсіптің өр түрлі саласынан жиналған кәсіпорындар тобы.
  • 5. Аумақтық өндірістік торап (АӨТ) бір-біріне жақын орналасқан,арасында өндірістік байланысы бар өндіріс орындарының біріккен атауы. Бұл түсінікті ғылымға 1940 жылы Н. Колосовский енгізді.

<ref>Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-934-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

Тақырыпқа байланысты

Мамандану

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Kz-geo-stub